Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Диагностика әлеміне терезелер

22.01.2026

«ҮМЗ» АҚ рентген терезелері: сенімділігі расталды, ынтымақтастық ұлғайды, жаңа перспективалар ашылуда.

Медициналық техникаға арналған рентген терезелерінің әлемдік нарығына ҮМЗ-нің қадам басқанына бір жыл өтті. Зауыт PMB SAS француз компаниясымен және әлемдік медициналық диагностикалық жабдықты өндіруші General Electric Healthcare LLC-мен ынтымақтастықта.

Серіктестердің жоғары бағасы

Біздің серіктестер өнімнің қажетті сынақ кешенін өткендігін және GE Healthcare компьютерлік томографтар құрамында қолданылатын рентген көздерін шығаруға қажетті сапа көрсеткіштеріне сәйкес келетіндігін растады. Бериллий рентген терезелері өндіріске енгізу процесін сәтті өтті. Тараптар әртүрлі типті өлшемдерде шамамен 5 000 бұйым көлемде жеткізуге бірінші келісімшартты дайындауға кірісті.

Жаңа перспективалар

Тәжірибелік үлгілер маммографиялық диагностикалық жабдықтарды өндірушілерге жіберілді, бұл жабдықтардың материалының сапасына ерекше талап қойылады, әсіресе оксидты қосылыстарының деңгейі бойынша, себебі қарап-тексерудің дәлдігі мен сенімділігі дәл осыған байланысты.

Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және ары қарайғы дамуды қамтамасыз ету үшін бериллий өндірісі өндірістік қуатты арттыруды жоспарлауда. Басты іс-шаралардың қатарында – технологиялық тегістеу жабдығын неғұрлым заманауи және жоғары дәлдікті жабдыққа ауыстыру.

Ортақ іске бірге үлес қосу

Бериллий өнімін шығаруды және бақылауды қамтамасыз ететін нәтижелер бүкіл ұжымның: технологтар, конструкторлар, токарьлар, электрэрозиялық станоктардың операторлары, тегістеушілер, ТББ бақылаушылары, тоғанақтаушылар және басқа көптеген қызметкерлердің жүйелі жұмысы мен жоғары кәсіпқойлығы арқасында қол жеткізілді.

Рентген терезелерін өндіру бойынша жұмыстарды орындау жоғары технологиялық бериллий бұйымдарының жаһандық нарығында ҮМЗ сенімді бәсекеге түсе алатынын көрсетті!