АСОС-тағы маман
Өнеркәсіп саласындағы жас мамандар заманауи өндірістердің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұған мысал – азот-сутек-оттек станцияның (АСОС) ауысым шебері Данияр Касенов. Еңбек жолын аппаратшы ретінде бастап, аз уақыт ішінде жетекшілік лауазымға жетті.
Кадрларды даярлау бағдарламасына қатысу және ҮМЗ мирасқорлар пулына енгізу арқылы Данияр қосымша білім алып, тәжірибе жинауға мүмкіндік алды.
Өз ісіне қызығушылық танытуы мен білім алуға құмарлығы оның табысқа жетуінің негізгі факторларының бірі болды. Ауысым шебері болған соң ол станцияда процестерді басқаруға, команданың жұмысын оңтайландыруға және өндірістің нәтижелілігін арттыруға жауапкершілік алды.
Даниярдың оқиғасы жас мамандарға дұрыс талпыныс пен қолдаудың арқасында кәсіби қызметте айтарлықтай биіктерге жетуге болатындығын көрсетеді.


