Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Мамандыққа қадам

15.09.2026

Темірлан – уран өндірісі «В» цехының аппаратшысы. Ол гидрометаллургияда еріту учаскесінде жұмыс жасайды. Жалпақ тілмен айтқанда, оның жұмысы – табиғи уранның химиялық концентратын қатты фазадан сұйық фазаға – уранилнитратқа айналдыру. Берілген көрсеткіштерге сәйкес компоненттердің қажетті мөлшері есептеледі, одан кейін шикізат салынады, азот қышқылы және қалдық ерітінді қосылады.

Ерітуден кейін қажетті технологиялық операциялар мен фильтрация орындалады, ал алынған өнім ары қарай технологиялық тізбек бойынша беріледі. Осы операциядан кейін уран уранилнитрат ерітіндісі күйінде шығады, бұл келесі технологиялық операция – экстракция/реэкстракция үшін бастапқы ерітінді болады. Бұл бастапқы ерітіндіні қоспалардан ядролық тазалыққа дейін тазартуды қамтамасыз етеді.

Аппаратшы өлшемдердің деректерін, уран салмағын, қышқылдықты және басқа көрсеткіштерді бақылайды, кестеге мәндерді енгізеді және қажетті көрсеткіштерді есептейді.

– Барлығын дұрыс есептеп, ескеру үшін өте зейінді болу керек, – дейді Темірлан. – Бұл жерде әр сан маңызды: уранның салмағы, қышқылдығы, қосылатын компоненттердің мөлшері. Қателесуге болмайды, себебі есептердің нақтылығына бүкіл кейінгі процесс байланысты.