Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Денсаулық айы

11.09.2026

Зауыттықтар Қазатомөнеркәсібінің «Салауатты жүрек ырғағында» жыл сайынғы ауқымды акциясына қосылды.

Көңілді ұжымдық жаттығу мен күш-қуат беретін жаяу серуен – осылайша ҮМЗ-де бір жұмыс күні өтті. ҮМЗ басқармасының алдындағы алаң уақытша нағыз салауатты денсаулық аймағына айналды.

«ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкий әріптестерге жеке үлгі болып алаңға шықты:

– Әрине, осындай белсенді жаттығудан кейін жүрек дүрсілдеп кетті! Есіме бірден әйгілі өлең жолдары келді: «Жүрегім-ау, сенде бір тыным жоқ қой.. .». Өте пайдалы және дұрыс бастама. Мен өзім апта сайын әріптестеріммен футбол ойнаймын. Барлық қатысушыларға ерекше көңіл-күй, қолдауыңыз және белсенділіктеріңіз үшін рақмет! Бүкіл зауыттықтарға мықты денсаулық тілеймін!

«Интертич» емханасының бас дәрігері Айнаш Хисамбинова өз кеңесін жеткізді:

– Белсенділік, теңгерімді тамақтану және позитивті көңіл-күй – біздің жүрек-қан-тамыр жүйеміздің басты қорғаушылары. Әсіресе, бұл кеңсе жұмыскерлеріне қатысты: әр 2 сағат сайын міндетті түрде қысқа жаттығу жасау қажет. Үнемі тез жаяу жүру де өте жақсы көмектеседі – жүрек талмасы болған адамдардың өзінде қылтамыр жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік бар.

Жаттығу мен бірге серуендеуден басқа, денсаулық айында үлбіліктер қадам санау бойынша қарқынды флешмобқа қатысты, бұл шараны одан ары жалғастыру қажет деп шешті. Қызметкерлердің балалары үшін балалар сурет-өнер байқауы өтті, мұнда балалар түрлі-түсті бояулармен салауатты жүрек бейнесін салды.