Әлеуметтік сала

«Ульбиночка» мектепке дейінгі ұйымы

«Ульбиночка» мектепке дейінгі білім беру мекемесі 1999 жылдың 27 мамырында құрылды.  Өз қызметін балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін көрсетуге мемлекеттік лицензия алғаннан кейін 1999 жылдың 1 тамызынан бастаған.
Жалғыз қатысушының шешімі негізінде «Ульбиночка» МБМ 2011 жылдың 14 шілдеде    «Ульбиночка» мектепке дейінгі ұйымы» ЖШС болып қайта құрылды.


«Ульбиночка» МҰ» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы  «ҮМЗ» АҚ.
Серіктестік 3 күндізгі балалар яслий-бағынан тұрады:

  • № 5 «Колокольчик» (Металлургтер көшесі, 28/1);
  • № 6 «Алия» (Победа даңғылы, 15);
  • № 8 «Айголек» (Протозанов көшесі, 133).

«Ульбиночка» МҰ» ЖШС-де 2-ден 7-ге дейінгі балалар тәрбиеленеді.

«Ульбиночка» МҰ» ЖШС  педагогтарының қызметі мектепке дейінгі білім берудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған:

  • мектептегі табысты оқуға қажетті білім мен дағды алу;
  • балалардың табиғи және психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтының әдеттерін қалыптастыру;
  • әр баланың жеке ерекшелігін есепке ала отырып, интеллектуалдық дамыту;
  • балаларда жалпы мәдени, әлеуметтік-ар-ұждан, азаматтық позиция қалыптастыру;
  • баланың эмоционалдық кеңістігін қалыптастыру;
  • балаларды қоғам өміріне бейімдеу.

Балаларды толық жан-жақты дамыту үшін «Ульбиночка» МҰ» ЖШС бала бақшалары барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған – тәрбиеленушілерге арналған бассейндер, музыка және дене тәрбиесі залы, бейнелеу студиясы, қазақ және ағылшын тілдерін үйрету кабинеттері жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламасы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алып жүзеге асырылады. Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.

 

 

Мекеменің жұмыс уақыты отбасының қажеттілігіне қарай тағайындалған:
- жұмыс аптасы – 5 күн;
- күнделікті жұмыс кестесі – 7-ден 18 сағатқа дейін.   

 

  «Ульбиночка» МБМ директоры - Созонова Валентина Евгеньевна.
  Телефон - 25-12-37

 

Copyright 2001-2012