|
|
|
Ғылым
Үлбі жоба-конструкторлық институты
Үлбі жоба-конструкторлық институты (ҮЖКИ) – 1992 жылы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және кешенді энергетикалық технология жобалық институтының Новосибирь бөлімшесінің Өскемен филиалының (БҒЗЭТЖИ НБ ӨФ) және «ҮМЗ» ӨБ бас конструктор бөлімінің базасында құрылған «ҮМЗ» АҚ құрылымдық бөлімшесі. Институттың құрамында өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылық арналымдағы объектілердің кешенді жобасын жасауға қабілетті үлкен жұмыс тәрибесіне ие әр саланың білікті мамандары бар. Институттың қала құрылысы құжаттамаларын, жобалардың арнайы бөлімдерін, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың және медициналық арналымдағы объектілердің жеке жобаларын жасау тәжірибелері бар.
Институт қызметкерлері жасаған жобалық құжаттамалар бойынша Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның қалаларындағы және Шығыс Қазақстанның ауылдық елді мекендеріндегі, оның ішінде сейсмоқауіпті аудандардағы өндірістік және азаматтық арналымдағы ғимараттар құрылысы салынды. Институттың инженер-жобалаушылары жобалауы ерекше сипатқа ие «ҮМЗ» АҚ-ның уран, тантал және бериллий өндірістерінің объектілерін қайта құру бойынша құжаттамаларын әзірледі. ҮЖКИ жобалары бойынша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға Ескерткіш пен В.П. Потанин мемориалі, сонымен қатар, «Стрелка» шағын ауданының құрылысы, Өскемен қаласындағы Республика алаңындағы тұрғын үйлер салынды.
Е.П. Салавский атындағы құрылыс КСРО халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің (ВДНХ) күміс медалімен марапатталса, «Үлбі» совхозының орталық усадьбасының құрылысы жобасы Қазақ ССР мен КСРО халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің 1 және 2 дәрежелі дипломдарына ие болды. Институт құрамында конструкторлық бөлім бар, ол стандарттан тыс құрал жабдыққа, оның ішінде электротермикалық құралдар мен қысымдағы ыдыстарға конструкторлық құжаттама жасаумен айналысады.
Үлбі жоба-конструкторлық институты жұмысты қолда бар лицензиялар негізінде орындайды.
Сейсмикалық емес аудандарда және сейсмикалылығы 8 балдан аспайтын аудандардағы жобалау құқығына ие жобалау-ізденіс қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия:
1.1 қалақұрылысын жобалау;
1.2 жауапкершілігі 2 және 3 деңгейлі ғимараттар мен құрылыстарға арналған сәулеттік жобалау;
1.3 құрылысты жобалау және конструкциялау;
1.4 инженерлік жүйелер мен тораптарды жобалау;
1.5 жобалардың арнайы бөлімдерін әзірлеу;
1.6 технологиялық жобалау:
а) тұрғын үй-азаматтық арналымдағы ғимараттар мен құрылыстар;
б) өндірістік арналамдағы объектілер;
в) көлік, байлыныс және коммуникация инфрақұрылымдарының объектілері;
г) ауыл шаруашылық объектілері.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс әрекеті саласында сараптау жұмыстары мен инженерлік қызмет көрсетумен айналысуға мемлекеттік лицензия. Әрекет түрі: қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларының физикалық жағдайына техникалық зерттеу жүргізу.
Химиялық, металлургиялық құрал-жабдыққа, сонымен қатар, 0,7 кг/см2 қысымда жұмыс істейтін ыдыстар мен тұрба құбырларды жобалауға мемлекеттік лицензия.
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға мемлекеттік лицензия. Әрекет түрі: атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензия. Әрекет түрі: табиғат қорғау жобалауы, нормалау.
Байланыс телефон 8(7232)298283
Факс 8(7232)298485
officeUPKI@ulba.kz
|
|
|