Ғылым және технологиялар бойынша эксперт

ЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧ

ЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧ 1976 жылы Томск политехникалық институтының химия-технология факультетін радиациялық химия мамандығы бойынша аяқтаған соң, ТПИ ХТФ БЗТ және РХ кафедрасының аға инженері болып жұмысқа қабылданды.    

Үлбі металлургиялық зауытындағы еңбек қызметін ОҒЗЗ инженер-зерттеушісі ретінде 1978 жылы бастады. Одан кейінгі жылдары ОҒЗЗ ядролық отын өндірісі жөніндегі аға инженер-зерттеушісі, сорбенттер мен катализаторлар өндірісі тобының жетекшісі, ОҒЗЗ бастығының орынбасары, ОҒЗЗ бериллий металлургиясы және химиясы тобының жетекшісі болып жұмыс істеді. 2006 жылы ОҒЗЗ инновациялық технологиялар және жобалар зертханасының бастығы лауазымына тағайындалды. 2008 жылдан бастап ОҒЗЗ бастығының технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 29 өнертабыстың, 24 рационализаторлық ұсыныстың және ҒЗЖ туралы мақалалар мен есептер түріндегі 30-дан астам жарияланымның серіктес авторы, салалық, кеңестік, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы болып табылады.  
Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленді және өндіріске енгізілді:

Фторгипсті құрылыс материалдарына қайта өңдеу технологиясы.