Атом саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және «Үлбі-ЖБ Қ» жылу бөлетін құрамаларды шығаратын зауытты сәтті іске қосқаны үшін «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – бас инженер Владимир Вахненко және «Үлбі-ЖБ Қ» ЖШС Бас директоры Арман Сүлейменов ҚР Премьер-министрі Алихан Смаиловтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Муканов: «ЖБҚ шығаратын зауыттың іске қосылуының арқасында Қазақстан атом электр станциялары үшін ядролық отынды өндіретін және жеткізетін санаулы мемлекеттердің қатарына енді. Бұл жобаға тікелей қатысқан және қажетті көмек көрсеткен Қазатомөнеркәсіп, ҮМЗ және «Үлбі-ЖБҚ» комапанияларының барша қызметкерлерінің еңбегі. Біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр және біз оларды толықтай, сәтті орындайтынымызға сенімдімін» деп атап өтті.

Премьер-Министр өз хатында мұндай жобалар атом саласының мәртебесін арттыруға септігін тигізетінін атап өтіп, басшыларға алдағы уақытта да еліміздің игілігі үшін атқаратын кәсіби қызметтерінде табыстар тіледі.