«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

25.01.2023

«ҮМЗ» АҚ барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін жалғыз акционер «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Жаныбеков Сеитжан Бауыржанұлын жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №1/23 көзбе-көз отырысының хаттамасы). Бұрын осы лауазымды атқарған Батырбаев Аскар Алинович өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Жаныбеков Сеитжан Бауыржанұлы

Білімі:

2014 ж. – Мичиган мемлекеттік университеті, «Жеткізу тізбегін басқару» мамандығы бойынша бакалавриат.

2016 ж. – Қазақ-Британ техникалық университеті, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура.

Еңбек қызметі:

2013 ж. мамыр-тамыз – «Филип Моррис Казахстан» ЖШС логистика бөлімінің маман көмекшесі.

2014 ж. қараша – 2015 ж. желтоқсан – «Глобалинк транспортейшн энд лоджистикс ворлдвайд» ЖШС бөлімінің PRO үйлестірушісі.

2016 ж. қаңтар-маусым – «Маммут КЗ» ЖШС коммерциялық менеджері.

2016 ж. шілде – 2017 ж. сәуір – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ СҚД АҚКШ жұмыскері.

2017 ж. сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ СҚД бас сарапшы, СҚД директорының орынбасары, СҚД бөлімінің бастығы, СҚД бас менеджері, СҚД менеджері, маркетинг департаментінің директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 6,5 жыл. Атқаратын лауазымында – 1,5 жыл. Басшылық лауазымында – 4 жыл.

АҚ және ЖШС басқару органдарында Төраға / мүше / тәуелсіз директор болып істеген жұмыс тәжірибесі:

– 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Семизбай-U» ЖШС,

– 2022ж. тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «СП «Акбастау» АҚ.

• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және атом электр станциялары үшін уран, сирек металдар мен ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасында ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге соңғы өнімдердің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және оқытуға дейін.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«ҮМЗ» АҚ баспасыз қызметі