Верификация бағасы «өте жақсы»!

Қазақстанның барлық ядролық қызметі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қағидалары мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан да біздің кәсіпорнымызда мемлекетіміз ресми жариялаған ядролық материалдардың мөлшері мен ядролық қызметті тексеруге және растауға бағытталған Агенттіктің инспекциясы жүйелі түрде өтеді.

– Инспекциялардан басқа Үлбі металлургиялық зауытында жыл сайын уран мен торийді верификациялау өтеді. Верификациялау – ақпаратты шынайылыққа, дұрыстыққа, нақтылыққа тексеру технологиясы. 2022 жылы бұл үрдіс 17-28 қазанда өтті. Верификациялау шеңберінде зауытқа 13 елден АЭХА 14 инспекторы, сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің өкілі келді. Тексеруді жүргізу уақытына өндіріс тоқтатылды.

Уран өндірісінің «В» цехында, «Р» цехында, дайын өнімді бақылау және жинақтау учаскесінде және дайын өнім қоймасында инспекция жүргізілді. Сондай-ақ ТБУБ, қалдық шаруашылығы учаскесі және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС тексерілді, – деп уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Алексей Болтанов айтты.

– Верификациялау жүргізу үшін «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қолда бар барлық кепілдік уран материалының тізімін сақтау орнын, күйін және мөлшерін көрсете отырып дайындады. АЭХА мамандары тексеруді әр сипатталған позицияны қайта есептеуден бастады. Артынан белгілі бір статистикалық әдістерді қолданумен инспекторлар таңдау жасап, өз жабдықтарында шығарылған жылу бөлетін құрамаларды, уран және уран-гадолиний жбэл, сондай-ақ отын таблеткалары мен скраптарды тексерді, – деп «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі менеджері Александр Белецкий түсіндірді.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытын верификациялау 19 қазанда аяқталды, 21 қазанда уран өндірісін инспекциялау аяқталды. АЭХА өкілдері тарапынан ескертулер жоқ! Өндірісті іске қосуға рұқсат алынды. Бұл – ең бастысы!

«ҮМЗ» АҚ және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС басшылығы 2022 жылғы верификациялауды дайындауға және өткізуге қатысқан тұлғаларға алғыс білдіреді. Бұл, шынымен, маңызды мәселе және оны зауыт ұжымы табысты атқарып шықты!

Алексей Проскуряков, Анна Чумина