Үлгілі экспонат

ҮМЗ «Тасты аллея» атты бірегей нысанды құруға қатысты.

Зауытқа Семей қ. Геологиялық барлау колледжінің директоры Ардақ Әділжановтың атынан хат келіп түсті. Хатта 1932 жылы – 90 жыл бұрын алғашқы студент-геологтардың қабылданғандығы туралы айтылған. Осы айтулы күннің құрметіне оқу орны «Тасты аллея» атты көрме құруды жоспарлаған.

– Экспозицияда өзінің құрылымы-бітімімен, түсімен, морфологиялық және басқа ерекшеліктерімен айрықша бүкіл Қазақстаннан тау жыныстары мен кендер қойылатын болады, – деп түсіндірді колледж директорының м.а. Даурен Есенаманов.

Хат тау-кен байыту кешенінің бастығы Рустам Галиловқа ҮМЗ-нің көрмеге қатысуы туралы ұсыныспен жіберілді. Ұйымдастырушылық-техникалық шараны ТБК бастығының орынбасары – технологы Асхат Шакенов өз қолына алды.

– ТБК аталмыш іс-шарада алғашқы рет қатысып отыр, және де біз бұл шараға ықылас таныттық, – дейді Асхат Серікболұлы. – Кешен жұмыскерлері байыту фабрикасының қоймасынан флюориттің сирек кездесетін реңкі бар, атап айтқанда – күлгін қабатты жасыл түсті кварц-флюоритті тасты жедел тауып берді. Нәтижесінде колледжге салмағы 304 кг, ұзындығы мен ені шамамен бір метр болатын өлшемді үлгіні тасымалдадық!

Бүгінгі күні Қаражал кен орнының кварц-флюоритті кенінің үлгісі ҮМЗ лайықты көрсете тұрып, көрме экспозициясы арасында құрметті орында тұр.

– «Тасты аллеяны» құруға белсенді қатысқандарыңыз үшін Үлбі металлургиялық зауытының басшылығы мен ТБК мамандарына алғыс білдіреміз, – деп атап өтті Геологиялық барлау колледжінің басшылығы. – Кварц-флюоритті үлгі болашақ мамандарға Қазақстанның жер қойнауын зерттеуде таптырмас көрнекі материал болып тұрады!

Разия Сертаева