Жыл қызметкері

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Жыл қызметкері-2022» байқауының қатысушыларын ең үздік жыл қызметкері атағына марапаттау салтанаты өтті.

Байқау үш номинация бойынша өтті – «Кәсіпқой», «Тәлімгер», «Келешек». Жеңімпаздарды құттықтау Атом саласы қызметкерлері күнін атап өту шеңберінде Шымкент қаласында 30 қыркүйекте өтті.

Іс-шараға үлбіліктер де қатысты. БӨ гидрометаллургиялық бөлімшенің аппаратшысы Нұржан Кожахметов «Тәлімгер» номинациясында жеңімпаз атанды. СО талдаудың физикалық-химиялық әдістері тобының инженер-физик-химигі Лариса Канталинская мен УӨ «В» цехының БӨАжА слесарі Алексей Ткаченко «Кәсіпқой» атағына ие болды.

– Қазатомөнеркәсібінен менің күнделікті еңбегіме осындай жоғары баға алу– мен үшін құрмет! Мені кәсіпқой деңгейіне жеткізген өз басшыларыма алғыс айтамын! Біздің компанияда «химик» мамандығының маңызын бағалағандығын мақтан тұтамын! – дейді Лариса Канталинская.

– Бұндай жоғары марапатты бірінші рет алуым, және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығы өзіммен бірге жұбайымды алуға рұқсат бергендігіне өте қуаныштымын. Жақын адамыңмен бірге марапаттауға қатысу екі еселенген бақыт екен, – деп атап өтті Нұржан Кожахметов.

– Бұндай конкурсқа алғашқы рет қатыстым, осыған дейін тек зауыттық байқауларда қатысып келдім. Бұл номинация менің жұмыскер ретінде бағалануым. Мен енді өзімді жай маман емес, әуесқой маманмын деп айтуға болады, – дейді Алексей Ткаченко.

Салалық «Жыл қызметкері-2022» байқауына Қазатомөнеркәсібінің барлық еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысады. Нұржан Кожахметов, Лариса Канталинская және Алексей Ткаченко үшін конкурста жеңімпаз атану лайықты марапат, олардың еңбегінің жоғары бағалануы болып саналады.

Самал Искакова