Танталшылар қалпақ шешкенде

Ауыр металл тантал өндірісінің №10 цехының №3 цехының 6-разрядты аппаратшысы Алексей Рыльскидің жүрегінен ерекше орын алады. Біріншіден ол өмір бойы әлемдегі тығыздығы бойынша ең ауыр металлдардың ондығына кіретін элемент-танталмен жұмыс істеп келеді. Екіншіден ауыр рокты жақсы көреді. Біз кейіпкерімізден бастапқы концентраттан күрделі технологиялық процесс жолымен натрий-термиялық ұнтағын қалай жасауға болатындығыны және ол ұнтақтың алдағы уақытта қалай қолданылатындығын білдік.

Алексей Федорович – 37-жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман. Ол тантал концентраттарымен істелетін ауыр жұмысқа үйреткен әкесінің ізімен зауытқа жұмысқа тұрды. Басында сымдаушы (металлды қысыммен өңдеуші) болып жұмыс істеді, кейін біздің кейіпкеріміз бүгінгі күні жұмыс істейтін натрий-термиялық ұнтақтар (НТҰ) учаскесінде аппаратшы болып жұмыс істеді.

2000 жылдардағы дағдарыс кезінде өз мамандығын бір ақ-рет тастап кете алды, төрт айдан кейін мамандығы бойынша өз зауытына қайтып оралды. Соңғы 14 жылда Алексей Федорович НТҰ учаскесінде бригадир болып жұмыс істейді.

– Металлургтың ерекше өмірлік ұстанымы болуы керек, жауапкершілігі мол жұмыс. Металлургия процесстердің қатаң қадағалануын, терең білімді және жаныңды салып жұмыс істеуді талап етеді. Металл оңайлықпен алынбайды. Біздің жұмысымыз ауыр, процесс 800-11000С температурада жүріп жататын қалпына келтіру боксында тұрғанда «Ашты терің шыққанша жұмыс істеу» сөзі тура мағынасында қолданылады,-деп ой бөлісті Алексей Рыльский. – Есесіне жаныңды салып жұмыс істейсің, және үйге өзің-өзің риза болып қайтасың.

Натрий-термиялық ұнтақтар учаскесінде өте таза конденсаторлық ұнтақтар мен тантал құймаларын дайындауға қажетті жартылай фабрикат алынады.

Екі күнге созылатын процесс нәтижесінде танталшылар «ай кемесі» деп атайтын арнайы ыдыстарға салынған 125 кг натрий-термиялық ұнтақ таблеткалауға және соңғы өнімді жасап шығару операцияларына жіберіледі.

Барлығы шикіқұрамдаудан басталады. Бастапқы шикізат – клий фторталаты натриймен бірге қабатталып тигельге (қыздыру ыдысына) салынады, ондай қабаттар саны 11.

Көп жылу шығаратын қалпына келтіру процесі оттегінсіз өту үшін үстіне тұз салынады. Осыдан кейін салмағы 500 кг ыстық тигель бір тәулік бойы суыйды. Қалпына келген 1,5 метрлік масса қағымдағышқа салынады, ол жерде оның барлық бөлігі оттық арқылы өткізілуі тиіс.

– Тигельден шыққан масса бос болады, бірақ беткі бөлігінде 30 сантиметрдей «қалпағы» болады, ол бетоннан қатты, және оны зілбалғамен ұсақтау керек. Біздің «қалпағын шешу» керек деп айтып жүргеніміз осы,– деп жалғастырды Алексей Рыльский.

Ұсақталған масса иірмек арқылы жайлап сөндіргішке түседі, ол жерде межелі параметрге дейін су құйылады. Ішіне түскен заттардың бәрі араластырылады және тұндырылады, вакум арқылы ыдыстың ішіндегі су алынып тасталғаннан кейін үгітіледі. Үгіту шарларының көмегімен масса үгітіледі. Масса біртекті бол бастаған кезде үшсатылы шаю, немесе зиянды қоспаларды ерітіп жіберетін қышқылмен тазарту процессі басталады.

– Осылайша біз сүзгіленетін массаны дайындап аламыз. Вакуум көмегімен тор арқылы және нутч-сүзгілердегі «көйлек», ерекше мата арқылы ерітінді ағып кетеді, ұнтақ қана қалады. Кептіру алдында бұны бірнеше рет қайталаймыз. Содан кейін ғана ұнтақты қаңылтыр табаларға салып кептіру шкафтарына жібереміз. Бұл жердің өзіндік технологиялық ерекшеліктері бар: температура 1100С, одан аспауы керек. 3-4 сағат сайын бақша тырмасы сияқты тырмамен араластырып отыру керек,– деп Алексей Федорович бізді технологиямен таныстырды. -Соңғы кезек елеу, бөлшектердің үлкендігі миллиметрден кем болмауы керек.

Осымен біздің аппаратшының процесске қатысуы аяқталады. Алайда, өз бөлімшесінің барлық технологиялық операцияларына қатысып көрген Алексей Федорович, «ай кемесіне» тиелген ұнтақтың кейін қандай болатынын көрсетті. Ерекше араластырғыштарда таблеткаланады, арнайы технологиямен сол таблеткаларды балқыта отырып тазалығы жоғары конденсаторлық экспорттық ұнтақ пен басқа да дайын өнімдер алынады.

Осылайша металлургтардың әулетінен шыққан Алексей Федорович Рыльский барынша түсінікті болу үшін «қалпақ», «ай кемесі», «көйлек», «бақша», «тырма» туралы айта отырып, маңызды технологиялық процессті шынайы және ерекше сырлы етіп баяндап берді.

Біздің кейіпкеріміздің қызметтер тізімінен жауапкершілігі мол және адал еңбегі үшін көптеген алғыс алғанын көрдік. Ал 2021 жылы республикаң Президентінің жарлығымен «ҚР дамуына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

– Біздің Алексей Федорович – өте қайырымды және білікті маман, бірнеше жылдар бойы ол өз учаскесіне жұмысқа келген жас мамандарға тәлім беріп, үлгі көрсетіп келеді. Өз атымнан Алексей Федоровичке зор денсаулық, және бірнеше буын мықты мамандар дайындай берсін деп тілеймін,– деп қорытындылады тантал өндірісінің №3 бөлімшесінің №10 цехының бастығы Дмитрий Бобылев.

Ауыр металлға деген сүйіспеншілік біздің кейіпкеріміздің күнделікті өмірінен де көрініс тапқан. Ол өтілі көп әнқұмар, хард-рок және хэви металлға деген әуестілігін тастаған емес. Pink Floyd және Led Zeppelin – оның фавориттері. Алексей Федоровичтің ең басты қуанышы – оның немерелері: 10-жасар Софа мен 4-жасар Анфиса. Олар туралы сөз қозғағанда бақытты атаның жүзіне қуаныш үйіріледі. Оларды да жақсы музыкаға – өзінің сүйікті музыкасына баулиды. Кішкентай Софаның қазір рок музыканы бар дауысына қойып тыңдайтыны атасын қатты қуантады.

Анна Чумина