«ҮМЗ» АҚ Басқарма мүшелері
Өскемен қ.
12.07.2022
«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесі 2022 жылғы 29 маусымнан бастап 2025 жылғы 28 маусым аралығында уәкілеттік мерзіммен «ҮМЗ» АҚ Басқарма мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады («ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысының 2022 жылғы 28 маусымдағы №12 хаттамасы):
– Вахненко Владимир Витальевич, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер;
– Даулбаев Самрат Қайзоллаұлы, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары;
– Ержанов Талғат Бақытұлы, «ҮМЗ» АҚ маркетинг жөніндегі басқарушы директор – маркетинг және өнімдік-маркетингтік стратегиялар орталығының директоры;
– Кузьмин Константин Александрович, уран өндірісінің директоры;
– Оржанов Әділжан Сәлімгерейұлы, «ҮМЗ» АҚ техникалық дайындық жөніндегі директоры;
– Чеботарева Людмила Анатольевна, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Вахненко Владимир Витальевич 1975 жылы туған.
Білімі:
1997 жылы ҚР, ШҚО, Өскемен қ. ШҚТУ «Ұнтақты металлургия, композициялық материалдар мен жабындар» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
1997 бастап 1999 аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі өндірістік ғылыми-зерттеу зертханасының инженер-зерттеушісі ретінде жұмыс істеді;
1999 бастап 2005 аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «Р» цехы ұнтақтарды өндіру жөніндегі бөлімшенің технологы;
2005 бастап 2008 аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «Р» цехы ұнтақтарды өндіру жөніндегі бөлімшенің бастығы;
2008 бастап 2015 аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
2015 бастап 2020 аралығында – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Бас директоры;
2020 қарашадан бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері.
Азаматтығы – ҚР.
Даулбаев Самрат Қайзоллаұлы 1965 жылы туған.
Білімі:
1988 жылы С.М. Киров атындағы Томск политехникалық институтын «Жоғары кернеулер техникасы» мамандығы бойынша аяқтады.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
2004 бастап 2005 аралығында – «Азия-Акмола» ЖШС зауыт директоры;
2005 бастап 2007 аралығында – «Аргонавт-А» ЖШС директоры;
2007 бастап 2008 аралығында – «Тера-Груп» ЖШС зауыттың бас директоры;
2008 бастап 2016 аралығында – «Интергаз Центральная Азия» ЖШС бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, бас директор аппаратының жетекшісі;
2016 бастап 2017 аралығында – «Батумский нефтяной терминал» ЖШҚ бас директордың бірінші орынбасары, бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор;
2018 жылғы шілдеден бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
Азаматтығы – ҚР.
Ержанов Талғат Бақытұлы 1984 жылы туған.
Білімі:
2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін, Астана қ., «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
2008 жылы Charles University in Prague, Прага қ., «International Economic and Political Studies» мамандығы бойынша аяқтады.
2015 жылы University College London (UCL), Лондон қ., «Economics and Policy of Energy and Environment» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
2006 ж. бастап 2008 ж. аралығында – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өкілдік маманы;
2009 ж. бастап 2011 ж. аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері;
2011 ж. бастап 2016 ж. аралығында – «Самұрық-Қазына» АҚ Тау-кен-металлургиялық активтерді басқару жөніндегі дирекцияның бас маманы;
2016 ж. бастап 2019 ж. аралығында – «Самұрық-Қазына» АҚ «Энергетика» Секторының активтерді басқару жөніндегі дирекцияның аға менеджері;
2019 ж. бастап 2020 ж. аралығында – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті дамыту және инвестициялар департаментінің Директоры;
2021 жылғы қаңтардан бастап – «ҮМЗ» АҚ маркетинг жөніндегі басқарушы директор – маркетинг және өнімдік-маркетингтік стратегиялар орталығының директоры.
Азаматтығы – ҚР.
Кузьмин Константин Александрович 1976 жылы туған.
Білімі:
1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша аяқтады.
2014 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
1999 ж. бастап 2002 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «В» цехының 6 разрядты аппаратшысы;
2002 ж. бастап 2004 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «В» цехының ауысым шебері;
2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «В» цехы ұнтақтарды өндіру бөлімшесінің технологы;
2009 ж. бастап 2017 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі «Р» цехының бастығы;
2017 ж. бастап 2018 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
2018 жылғы желтоқсаннан бастап – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісінің директоры.
Азаматтығы – ҚР.
Оржанов Әділжан Салімгерейұлы 1963 жылы туған.
Білімі:
1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
2004 ж. бастап 2007 ж. аралығында – «Тау-кен компаниясы» ЖШС Материалдық-техникалық қамту департаментінің директоры;
2007 ж. бастап 2009 ж. аралығында – «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Бас директордың жабдықтау жөніндегі орынбасары;
2009 ж. бастап 2011 ж. аралығында – «Геотехносервис» ЖШС директордың орынбасары;
2011 ж. бастап 2018 ж. аралығында – «Заречное» БК» АҚ өндірісті қамту жөніндегі директоры;
2018 ж. бастап 2019 ж. аралығында – «ҮМЗ» АҚ бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;
2019 желтоқсаннан бастап – «ҮМЗ» АҚ техникалық дайындық жөніндегі директоры.
Азаматтығы – ҚР.
Чеботарева Людмила Анатольевна 1975 жылы туған.
Білімі:
1993 жылы Балқаш тау-кен-металлургиялық техникумын «Халық шаруашылығы саласында экономика және жоспарлау» мамандығы бойынша аяқтады.
2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметі:
2005 бастап 2010 ж. аралығында – «Бетпақ Дала» БК» ЖШС жоспарлы-экономикалық бөлімнің экономисті, жоспарлы-экономикалық бөлімнің жетекші экономисті, жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы;
2010 бастап 2015 ж. аралығында – «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз БК» АҚ жоспарлы-экономикалық бөлімнің бас менеджері, жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы;
2015 бастап 2018 ж. аралығында – «Оңтүстік тау-кен-химиялық компаниясы» БК» ЖШС Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2018 жылғы қыркүйектен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Азаматтығы – ҚР.
• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа қызмет салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін әлемге танымал өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
• «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және Қазақстан Республикасында уранның, сирек металдардың және атом электр станциялары үшін ядролық отынның импорты мен экспорты бойынша ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000 астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге геологиялық барлаудан, уран өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және оқытуға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешені кіреді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық орналастырылған акцияларының жалпы мөлшерінен 75% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тиесілі, 25% «Астана» Халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда орналастырылған.
«ҮМЗ» АҚ Баспасөз-қызметі