ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Өскемен қ.
27.06.2022

«ҮМЗ» АҚ барлық дауыс құқығын беретін акцияларды иеленуші Жалғыз акционері 2022 жылғы 26 маусымнан бастап 3 жыл уәкілеттік мерзіммен құрамы төмендегідей 7 адаммен «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесін сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі көзбе-көз отырысының 2022 жылғы 27 мамырдағы №4/22 хаттамасы):

Сарымсақов Досболат Аманбекұлы – Директорлар кеңесінің Төрағасы

1971 жылы туған.

Білімі:

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика факультетінің «Физик» мамандығы бойынша бітірді.

1997 – 1999 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, Халықаралық қатынастар, халықаралық қатынастар саласындағы маман.

Еңбек қызметі:

1995 – Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің жетекші маманы.

1996 ж. бастап 1997 ж. аралығында – ҚР Ұлттық ядролық орталығы, инженер-бағдарламашы: Атом энергиясы институты, Радиациялық диффузия зертханасы.

2000 ж. бастап – 2007 ж. аралығында – «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығы, жобалар жөніндегі менеджер.

2008 ж. бастап 2011 ж. аралығында – «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығы, атқарушы директор.

2011 ж. бастап -2017 ж. аралығында – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жобалар департаментінің менеджері.

2017 жылдың қазан айынан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жобалар департаментінің директоры.

2021 жылғы қыркүйектен бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ бойынша Бас директоры, Басқарма мүшесі.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 07.10.2021 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Батырбаев Асқар Алинұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

1983 жылы туған.

Білімі:

1983 жылы туған. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика факультеті, ағылшын тілі тереңдетіп оқытылатын арнайы бөлімшесін аяқтады. «Қатты дене физикасы» кафедрасы.

2005 – 2007 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика факультеті, ағылшын тілі тереңдетіп оқытылатын арнайы бөлімшесі. Магистратура. Физика магистрі.

Еңбек қызметі:

2008 – 2015 жж. – «АППАҚ» ЖШС маркетинг, өткізу және экспорттық бақылау басқармасының бастығы.

2015 – 2017 жж. – «Инкай» БК» ЖШС, маркетинг және логистика бөлімінің бастығы.

2017 – 2019 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатуды қолдау департаменті, логистика бөлімінің бастығы.

2019 жылдың ақпан – мамыр айлары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатуды қолдау департаменті, Директордың орынбасары.

2019 – 2020 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Маркетинг және сатулар жөніндегі басқарушы директоры.

2021 жылғы бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Маркетинг жөніндегі бас директор, коммерция жөніндегі бас директоры.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 26.06.2019 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Рыспанов Алмас Әбдіғалиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

1987 жылы туған.

Білімі:

2008 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтын (КИМЭП) аяқтады, Іскери Әкімшілдеу және Бухгалтерлік есеп Бакалавры.

Еңбек қызметі:

2008 бастап 2009 дейін – «КПМГ Аудит» ЖШС Аудит департаменті қаржылық институттардың 1-сектор ассистенті;

2010 бастап 2012 дейін – ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептік комитеттің сыртқы байланыс жөніндегі сарапшысы, сыртқы байланыс жөніндегі бас сарапшысы;

2012 бастап 2015 дейін – ҚР Парламент Мәжіліс Аппараты депутатының көмекшісі;

2015 бастап 2017 дейін – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, бас менеджері (директордың м. а.);

2017 бастап 2020 дейін – «РУ-6» ЖШС Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2020 маусымнан бастап 2021 ақпанға дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономикалық талдау департаментінің директоры;

2020 маусымнан бастап осы уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 27.05.2022 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Бежецкий Сергей Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі

1969 жылы туған.

Білімі:

1994 жылы «Ядролық-химиялық технология» мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірді.

2009 жылы «МВА – жалпы стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Москва мемлекеттік университеті – Экономика жоғары мектебін бітірді.

Еңбек қызметі:

1994 жылдан бастап – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да жұмыс істейді.

1994 бастап 2004 аралығында – уран өндірісі «В» цехының 6-разрядты аппаратшысы, «В» цехының ауысым шебері, «В» цехы ұнтақ өндіру бөлімшесінің технологы, уран өндірісі «В» цехы бастығының орынбасары – технологы.

2004 бастап 2008 аралығында – уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

2008 бастап 2018 аралығында – уран өндірісінің директоры.

2018 бастап 2020 аралығында – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері.

2020 жылғы қыркүйектен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 01.10.2020 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Жакипова Әсем Серіканқызы, FCCA, PMP – тәуелсіз директор

1984 жылы туған.

Білімі:

2005 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) бітірген, іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры.

2010 жылы Ұлыбританияның Кембридж университетін бітірген (University of Cambridge, UK), қаржы магистрі – «Болашақ» стипендиясының иегері. (DBA).

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Женева Бизнес мектебі (Geneva Business School), Халықаралық қаржы саласында іскерлік әкімшілендіру докторы.

2009 жылдан бастап халықаралық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) мүшесі.

Еңбек қызметі:

2005 жылдан 2012 жылға дейін– капитал нарықтарында мәмілелерді сүйемелдеу бойынша қызметтер жөніндегі менеджер Прайсвотерхаускуперс (Лондон, Гонконг және Астана);

2012 жылдан 2019 жылға дейін-Ресей/ТМД аймағы бойынша қаржы менеджері, GE Transportation, Астана (Қазақстан);

2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы шілдеге дейін – Қоғамның Директорлар Кеңесіндегі тәуелсіз директор, ДК жанындағы аудиторлық комитеттің мүшесі, Астана Инновейшнс АҚ, Астана (Қазақстан);

2019 жылдан 2020 жылға дейін – Астана халықаралық қаржы орталығының (ХҚО) Ішкі аудиторы, қаржылық қызметтер жөніндегі реттеуші, бас операциялық директор, АХҚО соты (Астана халықаралық қаржы орталығы), АХҚО Халықаралық төрелік орталығы;

2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақбастау» БК» АҚ Директорлар кеңесінде тәуелсіз директор.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 17.02.2022 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Раимханов Абзал Түлепбергенұлы – тәуелсіз директор

1984 жыл туған.

Білімі:

2006 жылы Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ, Қазақстан Республикасы «Машина құрастыру» мамандығы бойынша аяқтады.

2009 жылы Staffordshire University/APIIT, Куала-Лумпур, Малайзия, «Технологияларды басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2019 жылы MIT (АҚШ) ынтымақтастағы Asia School of Business, Куала-Лумпур, Малайзия, «Бизнес-әкімшілдеу, MBA» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек қызметі:

2006 бастап 2007 дейін – Инженер, «Алматыметрострой» АҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы, инженер;

2009 бастап 2011 дейін – Бас менеджер, Менеджер, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Астана, Қазақстан Республикасы;

2011 бастап 2014 дейін – ОА бизнесті дамыту жөніндегі директоры, SNC-Lavalin INC. Астана, Қазақстан Республикасы;

2014 мамырдан бастап 2014 қарашаға дейін – бизнесті дамыту жөніндегі директоры, «Базис А» ЖШС Астана, Қазақстан Республикасы;

2014 бастап 2015 дейін – ҚР бойынша менеджер, TYPSA S.A. Астана, Қазақстан Республикасы;

2015 бастап 2017 дейін – Директор, «Resmi Trade» ЖШС, Астана, Қазақстан Республикасы;

2018 маусымнан бастап 2018 тамызға дейін – Кеңесші, Petronas Куала Лумпур, Малайзия;

2019 бастап 2020 дейін – Бас Директордың орынбасары, Esquel Group Пенанг, Малайзия;

2021 ақпаннан бастап 2021 сәуірге дейін – Маркетинг және сату жөніндегі кеңесші, Olive House Пенанг, Малайзия;

2021 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін – Профессордың ғылыми жұмыс жөніндегі көмекшісі, Asia School of Business + Massachusetts Institute of Technology Куала Лумпур, Малайзия + Кэмбридж, АҚШ. Басқарушы серіктес, ARnomad Consulting Дубай, БАЭ негізін қалаушы.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінше рет 18.11.2021 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

Аманжолов Алмаз Қанатбекұлы, FCCA – тәуелсіз директор

1983 жылы туған.

Білімі:

2002 жылы Қазақ-түрік есептік-экономикалық колледжін «Маркетинг» мамандығы бойынша аяқтады.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

2017 жылы Лондон бизнес-мектебін «Стратегия және Көшбасшылық саласындағы Слоун Магистратура» бағдарламасы бойынша аяқтады.

2013 жылдан бастап Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлердің Халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады (ACCA).

Еңбек қызметі:

2006 жылдан 2010 жылға дейін – Deloitte аудитор ассистенті, аға аудиторы.

2011 ж. – «Менеджмент Солюшенс» ЖШС қаржы менеджері.

2011 ж. бастап 2014 ж. дейін – «Altyntau Kokshetau» АҚ Бас қаржылық бақылаушысы, «Казцинк» ЖШС жобалық менеджері, «Altyntau Resources» АҚ Стратегиялық даму және M&A департаментінің директоры.

2014 ж. бастап 2017 ж. дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары.

2017 ж. бастап 2018 ж. дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС бас директоры.

2019 ж. – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының маркетинг жөніндегі директоры.

2020 ж. – AIFC Business Connect Ltd. мәмілелерді тарту жөніндегі директоры. («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы.

2020 ж. бастап осы уақытқа дейін – AIFC Business Connect Ltd мәмілелерді тарту және құрылымдау бойынша дивизион басшысы. («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы).

Директорлар кеңесінің құрамына бірінші рет 18.02.2021 сайланды.

Азаматтығы – ҚР.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа қызмет салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін әлемге танымал өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және Қазақстан Республикасында уранның, сирек металдардың және атом электр станциялары үшін ядролық отынның импорты мен экспорты бойынша ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000 астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге геологиялық барлаудан, уран өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және оқытуға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешені кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық орналастырылған акцияларының жалпы мөлшерінен 75% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тиесілі, 25% «Астана» Халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда орналастырылған.

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз-қызметі