«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Өскемен қ.
14.06.2022 ж.

«ҮМЗ» АҚ барлық дауыс құқығын беретін акцияларды иеленуші Жалғыз акционері Рыспанов Алмас Әбдіғалиұлын Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін мерзімге сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі көзбе-көз отырысының 2022 жылғы 27 мамырдағы №4/22 хаттамасы).

Рыспанов Алмас Әбдіғалиұлы

Білімі:

2008 ж. – КИМЭП «Қаржы, бухгалтерлік есеп» мамандығы;

Еңбек қызметі:

2008-2009 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС Аудит департаменті қаржылық институттардың 1-сектор ассистенті;

2010-2012 ж. – ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептік комитеттің сыртқы байланыс жөніндегі сарапшысы, сыртқы байланыс жөніндегі бас сарапшысы;

2012-2015 ж. – ҚР Парламент Мәжіліс Аппараты депутатының көмекшісі;

2015-2017 ж. – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, бас менеджері (директордың м. а.);

2017-2020 ж. – «РУ-6» ЖШС Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2020 маусым-2021 ж. ақпан – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономикалық талдау департаментінің директоры;

2020 ж. маусым – осы уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі еңбек өтілі – 5 жыл.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа қызмет салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін әлемге танымал өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және Қазақстан Республикасында уранның, сирек металдардың және атом электр станциялары үшін ядролық отынның импорты мен экспорты бойынша ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000 астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге геологиялық барлаудан, уран өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және оқытуға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешені кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық орналастырылған акцияларының жалпы мөлшерінен 75% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тиесілі, 25% «Астана» Халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда орналастырылған.

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз-қызметі