Марапаттар

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамытуға, қалыптасуына және егемендігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері мемлекеттік және корпоративтік марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ТӨ №58 цехінің аппаратшысы Александр Пименов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2019-2022жж. «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартының талаптарына сәйкес оған 150 000 теңге мөлшерде бір жолғы сыйлықақы төленді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ӨТБ бастығы Александр Борсук, БӨ слесарь-жөндеушісі Сергей Кречетов, СО радиациялық қауіпсіздік тобының дозиметристі Сергей Мехнин, ТӨ №10 цехі №3 бөлімшенің аппаратшысы Алексей Рыльский, ҒО тантал зертханасының бастығы Лариса Фролова және ҒО инновациялық зерттеулер және әзірлемелер зертханасының жетекші инженер-зерттеушісі Ирина Хлебникова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдардың иегерлері атанды. Оларға 50 000 теңге мөлшерде сыйлықақы төленді. Медальдың тағы бір құрметті иегері өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чумин.

УӨ БӨАжА слесарі Алексей Завалишин «Самұрық-Қазына» төсбелгісімен марапатталды. Оған «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес 25 000 теңге төленді.

Көп жылғы ерен еңбегі және Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі үшін Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер Владимир Вахненко және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чумин ШҚО әкімінің грамотасымен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, сонымен қатар белсенді депутаттық қызметі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін ҚР Парламент Сенатының Құрмет грамотасын ҚОҚБ бастығы Дмитрий Слободин иеленді. «Nur Otan» партиясының Өскемен қалалық филиалы ТӨ №10 цехтің энергетигі Александр Мишинды мемлекет игілігіне белсенді және жемісті қызметі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Самал Искакова