«ҮМЗ» АҚ Кәсіподақ ұйымы: қорытындылар мен жоспарлар

2022 жылы «ҮМЗ» АҚ кәсіподақ ұйымының құрылуына 72 жыл толады. Кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы туған күн алдында оның төрағасы – Алексей Феоктистовпен әңгімелестік.

– Алексей Владимирович, Сіздің ұйымыңыз үшін өткен жыл қандай болды?

– 2021 жыл пандемияға байланысты көптеген ұйымдар секілді кәсіподақ ұйымына да ауыр жыл болды. Қатерлі болған жағдайдан басқа да, өкінішке орай, осы ауру үшін біз әріптесіміз және қызметтесіміз Ильясов Сайн Серікбайұлын жоғалтып алдық. Бұл орны толмас ауыр қаза.

Соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталсақ, бәріміз білетіндей, 2020 жылғы қаңтардан бастап демалысқа сауықтыру төлемдері төлене басталды. Осы төлемдердің қатысында кәсіподақ комитеті де зор үлесін қосты.

Ал өткен жылы Салалық келісімді жасау бойынша көптеген жұмыс жүргізілді. Бұл келісім ҚР Энергетика министрлігі, жұмыс берушілер – ҚР атом саласындағы кәсіпорындар және «Атом саласындағы қызметкерлердің салалық одағы» қоғамдық бірлестігі арасында жасалды. Құжаттың мерзімі – 2021-2023 жылдар. Мен ірі ұйымның төрағасы ретінде комиссия құрамында болдым.

– Зауыттың кәсіподақ ұйымы нақты қандай ұсыныстарға бастама жасады?

– Біздің ең негізгі ұсынысымызды саланың кәсіподақ ұйымдары мақұлдады және келіссөздер арқылы Салалық келісімге енгізілді, бұл 51-тармақ. Оның мазмұны: «Жазатайым оқиғаларда (тиісті Жазатайым оқиғаны тергеу актінде жұмыс берушінің кінәсы 50 не одан да көп пайыз белгіленген жағдайда) немесе мүгедектікке әкелген кәсіби ауру кезінде зардап шеккен жұмыскерлерге не жұмыскердің қайтыс болуы жағдайында осыған құқығы бар тұлғаларға моральдік зиянды өтеу мақсатында Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңында көзделген төлемдерге қоса Ұжымдық шартта белгіленген мөлшерде және тәртіпте бір жолғы жәрдемақы төлейді».

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл төлемді төлеуді ҚР заңымен көзделген төлемге қосымша жұмыс беруші жүзеге асырады. Салалық келісімге қол қойылғаннан кейін Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу бойынша комиссия құрылды, және ҮМЗ-де осы соманың мөлшері қызметкердің бір жылдық еңбекақы мөлшерінде белгіленді. Осы төлемге бастама жасаған тұлға Сайн Серікбайұлы екендігін де айта кетуім қажет.

– Салалық келісімге тағы қандай тармақтар енгізілді?

– Мен ұсынған тағы бір тармақта еңбекақы төлемдерінің қолданыстағы жүйелерін әзірлеу, қолданысқа енгізу, өзгерту кезінде қол жеткізген еңбекақы төлем деңгейін азайтуға жол берілмейтіндігі көзделген. Бұл біздің бүкіл саламызға қатысты. Осылайша біз жұмыскерлер үшін еңбекақы төлемі саласында кепілдемелерге жеттік.

– Біздің зауыттың Ұжымдық шарты бойынша жұмыстар қалай жүргізілуде?

– Осы уақытта 2022-2025 жылдарға «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартының жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жоба кәсіподақ мүшелері талқылап, өз пікірлерін білдіріп және бізге хаттама жолдау үшін бөлімшелерге жіберілді. Ұжымдық шартқа өзгерістерді енгізуге тек кәсіподақ мүшелері ғана бастама жасай алатындығын мен тағы бір рет атап өткім келеді.

– Бүгінгі таңда кәсіподақтың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берсеңіз.

– Кәсіподақ ұйымының қызметі бірнеше бағыттарда іске асырылады. Олардың негізгілері: мәдени-бұқаралық жұмыстар, еңбекті қорғау, еңбек және еңбекақы, ұжымдық шарт, тұрғын үй – тұрмыстық мәселелер, жұмыскерлердің тамақтануына қоғамдық бақылау, кәсіпорындағы дене шынықтыру мен спорт.

Кәсіподақтың тікелей міндеті – жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіподақтың зауыт басқармасымен жүргізген келіссөздер арқылы жеткен игіліктерді көптеген қызметкерлер пайдаланады. Еңбекақыны көбейту, сауықтыру төлемдерін төлеуде біздің қосқан үлесіміз аз емес. Алайда кәсіподақтың жұмысы – кеңес уақытындағы секілді сыйлықтарды бөлу деп бүгінгі күнге дейін ойлайтын зауыттықтар бар…

– «ҮМЗ» АҚ кәсіподақ ұйымы жұмыс берушімен қалай өзара әрекеттеседі?

– Қазір зауытта кәсіподақ ұйымы жұмыс берушімен баянды жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қолайлы жағдай орнықты. Біз кез келген дерлік мәселе бойынша келісіп, бірауызды шешімге келе аламыз. Мысалы үшін, таяуда ЖМК ауданында тұратын қызметкерлер үшін автобус мәселесі бойынша сұрақты жедел шештік. Айтпақшы, осы үшін өз атымнан ғылыми орталықтың кәсіподақ төрағасы Айнур Кайназароваға алғысымды білдіргім келеді. Ол автобус бағытының хронометражын түсіріп, автобус уақытын біраз алдыға жылжытты.

Кәсіподақ мүшесі – жұмыскердің бірде бір өтініші назарсыз қалмайды. Мысалы, солтүстік өткелдегі асханада жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда УӨ 600-корпусынан оңтүстік өткелдегі асханаға дейін төрт аялдамамен жұмыскерлерді жеткізу үшін автобус шығарылды.

Әрине, біраз мәселелер де бар. Медициналық қарап-тексеру бойынша көптеген наразылықтар болды. Медициналық мекемелердің өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізуге тура келді. Егер жұмыс осы деңгейде жалғасын тапса, медициналық қызмет көрсету де, осы уақыттағы басқа да мәселе тудырған сұрақтарды шешуге болады деп ойлаймын.

– Жуық арада кәсіподақ қандай күрделі өзгерістерге бастама жасай алады?

– 2020-2021 жылдарда ҚР заңнамасына өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша облыс кәсіподақ ұйымының және салалық кәсіподақ басшыларымен көптеген отырыстар өтті. Негізінен үш заң – зейнеткерлік қамту туралы, Еңбек кодексі туралы және кәсіподақтар туралы заң бойынша мәселелер қозғалады. Соңғы заңға қатысты біз кәсіподақ позициясын және оның мүшелерін қорғауды күшейту бөлігінде ұсыныстар жасадық. Еңбек кодексі бойынша – бұл Ұжымдық шарттың әрекет етуі, жұмыс уақыты, вахталық әдіс және «қашықтан жұмыс жасау» тәртібі. Зейнеткерлік қамту бойынша қазір ең басты сұрақ – біз зиян және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасын азайту туралы өтініш ұсындық. Осы сұрақтардың барлығы қазір ең жоғары деңгейде қарастырылуда.

– Бүгінгі күні зауыттың кәсіподақ ұйымының алдында қандай мәселелер тұр?

– Мен айтып өткендей, бүгінгі таңда зауыт басқармасымен өзара түсіністікке келдік. Сұрақтарды шешіп жатырмыз. Бір мәселе – бұл кәсіпорындағы кәсіподақ мүшелер санының азаюы. Осы уақытта бұл 52% құрайды. Егер аталмыш көрсеткіш төмендесе, онда біз жұмыскерлердің мүддесін қорғау құқығынан айырыламыз. Бұның жұмыскерлерге қандай әсері бар? Заң нормаларынан артық ешқандай игіліктер болмайды. Сондықтан да мен әрқашан зауыттықтарды кәсіподақ қатарына қосылуға белсенді түрде шақырамын!

2021 жылғы қарашада Алексей Феоктистов «ҚР кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» медалінің иегері атанды.

Алексей Проскуряков