Өндірістегі жаңа көмекші

Бериллий өндірісінде X-SOFT маркалы пассивті өнеркәсіптік экзоқаңқаны сынау аяқталды.

Экзоқаңқа – бұл тірек-қозғалыс аппаратқа кері әсерді азайту үшін арналған құрылғы. Бұл құрылғы адамның физикалық мүмкіндігін күшейту есебінен жүктердің орнын ауыстыруын жеңілдетеді, осымен ауыр жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттырады.

Экзоқаңқа кеуде және бел бөліктерін жарақаттан және аса көп жүктемеден қорғайтын кеудетартпа түріндегі құрылма, жүкпен және жүксіз белсенді жұмыс кезінде адамның төзімділігін арттырады. Сонымен қатар тағы бір артықшылығы – жұмысты орындау барысында дұрыс дене бітімін қалыптастырады. Экзоқаңқа арнайы киімнің үстінен киіледі және үш сағат бойы үздіксіз қолдануға болады.

Экзоқаңқаны сынау бір ай ішінде бериллий өндірісінің әртүрлі учаскелерінде жүргізілді. Бұл үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі бағдарлама – өндірістік сынаулар әдістемесін әзірледі, комиссия құрылды. Нәтижесінде экзоқаңқаны катодты мыстың дайындамаларын кесу операциясында қолдану неғұрлым тиімді болады деген шешім қабылданды. Сынауға қатысушылардың – БӨ аппаратшылары Ерік Базаровтың, Қайрат Орузбаевтың және Павел Краснобаевтың пікірлері бойынша «экзоқаңқа еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді», «арқаға түсетін жүктемені азайтады», «өндірістік жарақат алудың алдын алуға көмектеседі».

Сынау актілерінің негізінде экзоқаңқа бериллий өндірісінің жұмыскерлеріне келешекте қосалқы құрал ретінде қолдануға ұсынылды.

Юлия Антонова, Айдар Орынбаев