Тарихта аты қалған

30 қарашада Өскемен Құрмет Кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл басылымға басқа әйгілі қалалықтармен бірге Үлбі металлургиялық зауытында көп жыл еңбек еткен тұлғалар да кірді.

Зауыт атынан ең танымал құрметті азаматтардың бірі – Альберт Ефимович Гофман. Ол ҮМЗ-де 60 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. ТББ бақылаушысы, ҮМЗ бас инженердің орынбасары – бас технологынан бас директордың сапа жөніндегі орынбасарына дейін еңбек жолынан өтті. 1999 жылдан бастап 2021 жылға дейін Көрмелік-ақпараттық орталықтың директоры болды. Атом саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Достық» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен, КСРО ХШЖК күміс медалімен, «Е.П. Славский» Росатомның ведомстволық орденімен, І дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгі үкімет марапаттарымен марапатталды. Альберт Ефимович – КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының және В.П. Потанин атындағы зауыттық сыйлықтың лауреаты, ҮМЗ Еңбек сіңірген қызметкері және зауыттың құрметті ардагері. Оған РФ «Атом энергетикасы және өнеркәсібі ардагері» атағы тағайындалған.

Кітапқа енген тағы бір қызметкер Сергей Александрович Климовтың да атағы кем емес. Ол бериллий өндірісінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды: инженер-конструктор, конструкторлық бюроның бастығы, конструкторлар тобының жетекшісі. Сергей Александрович – 40 астам тиімді рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың авторы. 20 жылдан артық уақытта бес шақырылым кезеңінде қалалық маслихат депутаты ретінде сайланды. Оған «Зауыт ардагері», ІІ дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері», В.П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты сынды атақтар тағайындалған.

Михаил Александрович Мишинның есімі де зауыттықтарға танымал. ҮМЗ-де еңбек қызметін 1964 жылы ТӨ №10 цехта электрмонтердің шәкірті ретінде бастады. Өндірістен қашықтамай энергетикалық техникумды тәмамдады, жоғары энергетикалық білім алды. Ол 120 астам рационализаторлық ұсыныс әзірледі. 1974, 1979, 1980-1984 жылдарда «Зауыттың ең үздік өнертапқышы» атағын, 1973 және 1983 жылдары Бүкілодақтық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының Орталық Кеңес Президиумының «Өнертабыс және рационализация үздігі» атағын алды. Михаил Александрович XXI шақырылымның Өскемен Халық депутаттар кеңесінің депутаты, I, II, III және IV шақырылымдардың Өскемен қалалық маслихат депутаты ретінде сайланды. Есімі «Зауыттың құрмет кітабына» жазылған, «Зауыттың ең үздік энергетигі», «Зауыттың құрметті ардагері» атақтары берілді. «Ерен еңбегі үшін» меділмен марапатталды.

Алимпиада Ивановна Черкашина тек үлбіліктерге ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарына да белгілі. Алимпиада Ивановна диплом алғаннан кейін ҮМЗ-ге орталық зауыттық зертханаға, артынан №1 цехке зертханашы болып келді. 1986 жылдан бастап 1999 жылға дейін орталық ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыстарды бөлуші болып еңбек етті. Черкашинаның өмірбаянында қатарынан бес шақырылымда Өскемен Халық депутаттар кеңесіндегі және бірінші шақырылымда қалалық маслихатта қызметі бар. 1999 жылы Алимпиада Ивановна ҚР Парламент Мәжілісіне сайланды. Аты зауыттық Құрмет кітабына енгізілген. «Еңбек ардагері» медалімен және РФ «Атом энергетикасы және өнеркәсібі ардагері» белгісімен марапатталған.

Қала әкімі Жақсылық Омардың қолынан салтанатты рәсімге қатысқан ҮМЗ өкілдеріне төрт данасы табысталды. Артынан кітаптар құрметті азаматтардың туыстарына берілді. Бір данасы КАО сақталады.

Юлия Антонова