Үздік инженер-2021

25 қарашада «Жылдың үздік инженері» республикалық байқаудың қорытындысы белгілі болды. Қазақстанның ең дарынды бес инженерлерінің қатарына 2021 жылы «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері Владимир Вахненко кірді.

Конкурс жетінші рет өткізілді. Осы жылы байқауға еліміздің әртүрлі өңірінен 48 өтінім тапсырылды!

Барлық үміткерлер – жаңа тапсырмаларды шешуде жоғары жетістікке жеткен тұлғалар және біртума идея авторлары. Байқауға қатысушылар материалтану, экология, құрылыс, метроқұрылысы, көмір өнеркәсібі, металлургия, жылуэнергетикасы, компьютерлік технологиялар және т. б. секілді салаларды көрсетті.

ҮМЗ өкілінің жеңісі, сөзсіз, лайықты болды. Бұл жеңіске табанды еңбек жылдары сеп болды. 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін Владимир Витальевич жұмыс тобы құрамында «AFA 3G типті отын құрамалары үшін уран оксидінен таблеткалар шығару технологиясын әзірлеу және дамыту» жобасына қатысты, бұл жоба «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС құруға бастама болды.

Жыл көлемінде Владимир Вахненконың тікелей қатысуымен тапсырыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын және Қытай нарығына жеткізуге Қазақстанға жол ашқан таблеткаларды шығарудың жаңа технологиясы құрылды, ал 2010 жылғы қарашада сертификатталды. Табысты сертификатталу ҮМЗ жинақтау өндірісін – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС құру туралы шешім қабылдауда басты негізгі фактор болды.

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына телекөпір режимінде Қазақстандағы жылу бөлетін құрамаларды шығару бойынша зауыт құрылысына бастау берілді, осы өндірісті 2020 жылғы қарашаға дейін байқау жеңімпазы басқарды.

2021 жылғы 10 қарашада Өскеменде Үлбі металлургиялық зауыты аумағында телекөпір форматында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Үлбі-ЖБҚ» жаңа зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жылына 200 т U көлемде ЖБҚ шығару бойынша бірегей зауытты жұмысқа қосу – Қазақстанды Қытай, АҚШ, Франция және Ресей сынды ядролық отын шығаратын өндірушілермен бір қатарға тұруға мүмкіндік беретін ҚР бүкіл атом саласы үшін маңызды оқиға.

«УМЗ-информ» газетінің редакциясы байқау жеңімпазын құттықтайды және жаңа жеңістер тілейді!

«AFA 3G типті отын құрамалары үшін уран оксидінен таблеткалар шығару технологиясын әзірлеу және дамыту» жұмысы үшін Владимир Вахненко «В.П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағына ие болды.

Владимир Витальевичтің «ҮМЗ» АҚ қызметі үшін 12 алғыс жарияланды, фотосуреті «ҮМЗ» АҚ Құрмет Галереясына орналастырылды, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 10 жыл» мерейтойлық белгісімен, І дәрежелі «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет төсбелгісімен марапатталды.

Юлия Антонова