«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ

2021 жылғы 7 қазанда «ҮМЗ» АҚ барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін жалғыз акционер Сарымсаков Досболат Аманбековичті «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 07 қазандағы №12/21 бетпе-бет отырысының хаттамасы).

Сарымсаков Досболат Аманбекович

Қазақстан Республикасының Азаматы. 1971 жылы туған.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жетекші маманы болып бастаған.

1996 бастап 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында инженер, «Таратпау институты» қауымдастығында менеджер (кейіннен «Таратпау орталығы» қауымдастығы) болып жұмыс істеді. 2008 жылғы қаңтардан бастап «Таратпауға жәрдемдесу орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры болып тағайындалды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы еңбек жолын 2011 жылғы сәуірде ЯТЦ жобалар департаментінің менеджері лауазымынан бастады. 2017 жылдың қазан айында ЯТЦ жобалар департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды.

2021 жылғы қыркүйекте ЯТЦ Бас директоры лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.

Жетістіктер:

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы (желтоқсан 2016ж.);

– ҚР атом саласын кәсіби еңбегі мен дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет төсбелгісі (Шілде, 2017);

– «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрмет төсбелгісі (қыркүйек, 2018).