Тағайындау

2021 жылы 2 қыркүйекте Ғалымжан Олжайұлы Пірматов өзінің өтініші бойынша «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бұрын ядролық отын циклі бойынша бас директорының лауазымында болған Шәріпов Мәжіт Бейсембайұлы ҰАК басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мәжіт Бейсембайұлы Шәріпов

1964 жылы туған.

1988 жылы Обнинск атом энергетикасы институтын «Атом электрстанциялары мен қондырғылары» факультетін «Инженержылу энергетигі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика және мине-ралдық ресурстар министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитеті болып қайта құрылған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008-2013 жылдар аралығында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Атом энергиясы агенттігінде атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы еңбек жолын 2015 жылғы қыркүйектен ЯОЦ жобалар департаментінің директоры лауазымынан бастады.

2017 жылғы шілдеде «ЯОЦ және атом энергетикасы» дивизионының Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды, кейіннен ЯОЦ жөніндегі Басқарушы директор болып қайта құрылды.

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ бас директоры болды.

2021 жылғы 25 сәуірден бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Ғалымжан Олжайұлының еңбегін және оның осы іске адалдығын жоғары бағалады. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев: «Уран өнеркәсібіндегі тәжірибе мен айрықша нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылыс баға жетпес. Барша «Самұрық-Қазына» АҚ атынан және жеке өз атымнан сізге барлық жақсылық пен сәттілік тілеймін».

Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі мен басшылық тобы Ғалымжан Пірматовқа компанияның өркендеуі жолындағы еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу өзінің көшбасшылық қасиеттері мен көпжылдық басшылық тәжірибесінің арқасында Пірматов мырза компанияның ұзақ мерзімді нарықтық құнды құруға бағытталған даму стратегиясын іске асыруда маңызды рөл атқарғанын, соңғы төрт жыл ішінде оның білімі мен тәжірибесі компанияның дамуын және оның беделін нығайтуға ықпал еткенін, бұл 2018 жылы Лондон және Астана қор биржаларының алаңдарында табысты бастапқы жария орналастыруды акциялар (IPO) жүзеге асыруға әкелгенін атап өтті.

Бұған жауап ретінде Ғалымжан Олжайұлы ел басшылығына Компанияны және Қазатомөнеркәсіптің барлық тобын тиімді басқаруға сенім мен мүмкіндік бергені үшін үлкен ризашылығын білдірді.

– Мен осы төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді өте мақтан тұтамын және Қазатомөнеркәсіп бұдан әрі де құндылық жасап, барлық мүдделі тараптардың күткенінен де асып түсетініне сенімдімін. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің құрамы бұрынғыдан да күшті және әртараптандырылған, сондықтан мен компанияны осындай мықты Директорлар кеңесі мен басқарманың қолына сеніммен қалдыра аламын.

2015 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпте түрлі лауазымдарды атқарған Мәжіт Шәріпов мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.

https://www.kazatomprom.kz материалдар бойынша