Екпе: қолдау және қарсылық

29 маусымда ҮМЗ қызметкерлері Өскемен қаласының №1 емханасының жалпы практика дәрігері Шарипова Күлнази Мырзаканқызымен кездесті. Ол вакцинация туралы өзекті сұрақтарға жауап берді.

Кездесу бірден екі форматта өтті. Басқарма қызметкерлері (барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып) конференц-залда болды. Өндіріс қызметкерлері өз кезегінде онлайн-трансляцияны көріп, дәрігерге сұрақтар қойды.

– Бүгінгі күні кәсіпорын бойынша бірінші компонентпен 1 181 адам егілді (бұл персоналдың жалпы санының 30%), екіншісімен – 749 адам (20%). Ұжымдық иммунитетті «қалыптастыру» үшін 70% деңгейге жету керек. Вакцинация-бұл ерікті мәселе, егу керек пе, жоқ па оны әркім өзі шешуі керек. Бірақ бұл ретте әркім өзінің денсаулығы үшін ғана емес, әріптестерінің денсаулығы үшін де жауапты екенін түсінуі тиіс, – деп ұйымдастырушы – өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чумин кездесуді бастады.

Келесі сөз дәрігерге берілді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда коронавирустан қорғаудың негізгі жолдары вакцинация және оқшаулану болып табылады. Біздің елімізде егу науқаны ағымдағы жылдың 1 ақпанында басталды.

Сондай-ақ, Күлнази Мырзақанқызы вакцинация алуға қарсы көрсеткіштерді атап айтты. Оларға келесілер жатады: вакцинаның қандай да бір компонентіне аллергиясы болуы (белсенді заттар, қосымша заттар) немесе осы вакцинаны алдыңғы егу кезінде пайда болған аллергиялық реакциялар; анамнездегі ауыр созылмалы аурулар немесе аса жоғары сезімталдық; вакцинаны бұлшықетке салған кезде температураның қатты көтерілуі немесе қан кету қаупіне байланысты аурудың жоғары жедел фазасы; жүктілік және бала емізу кезеңі; 18 жасқа толмағандар. Егер адам коронавирустық инфекциямен ауырса, бірақ қалпына келген сәттен бастап үш ай уақыт өтпесе, ол да вакцинациядан босатылады.

Екпе алу процесі жақсы реттелген. Вакцинаны алудан бұрын науқасты дәрігер қарайды, оның шағымдары тыңдалады. Қысым, сатурация өлшенеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, ол келісімге қол қойғаннан кейін вакцинацияланады.

Жанама әсерлердің арасында дәрігер температураның жеңіл және орташа көтерілуін атады. Инъекция орнында инфильтрат пайда болып, қызару, қышу, бұлшықет немесе буындардың ауыруы пайда болуы мүмкін. Мұның бәрі күтілетін реакциялар, олар тез басвлады.

Қазіргі уақытта біздің қаламызда арабтардың Hayat-Vax, қытайлық – CoronaVac, қазақстандық – QazVAc және ресейлік – Sputnik V вакциналары бар.

Дәрігердің айтуы бойынша барлық препараттар бірдей әсер етеді, сондықтан олардың кез-келгенін егуге болады.

Екпеден кейін инъекция орнына үш күн бойы су тигізуге болмайды. Сондай-ақ ауыр дене еңбегімен, спортпен айналысуға болмайды. Вакцинациялаудың екінші кезеңі 21 күннен кейін жүргізіледі. Екінші екпені алғаннан кейін Egov сервисі арқылы вакцинация паспортын жүктеп алуға болады, және оны медициналық мекемеде қағаз түрінде де алуға болады.

Дәрігерге ең көп қойылған сұрақтарды ұсынамыз.

– Вакцина қалай жұмыс істейтінін айтып берсеңіз.

Вакцина-бұл антиденелерді ынталандыру арқылы белгілі бір ауруға қарсы иммунитетті дамытуға арналған препарат. Басқаша айтқанда, вакцина ағзаға енген кезде, иммунитет оған «жаттығады», дәл осы инфекциямен күресу стратегиясын жасайды. Адамда осы ауруды қалай тез және тиімді жеңуге болатындығы туралы «жад» қалыптасады. Аталған вирус жұқтырылса, жасушалар дереу жауап береді және ол көбеюді бастағанға дейін оны жойып жібереді.

– Осы аурумен ауырып жазылған адамдарда иммунитет қалыптасқан болса, неліктен олар екпе жасатуы керек?

– Себебі, ауырған адамдардың қалыптасқан иммунитеті өмір бойы сақталмайды, Үш айдан кейін қорғаныс функциясы әлсірейді. Сондықтан денсаулығы қалпына келгеннен кейін үш айдан кейін вакцинация жасау ұсынылады.

– Вакцина қанша уақыт жұмыс істейді?

– Коронавирусқа қарсы иммунитет бір жарым жылдан екі жылға дейін сақталады.

– Вакцинациялайтын препараттар әлі толығымен сынақтардан өтпеген, осы мәселені қалай қабылдау керек?

– Өйткені, коронавирус 50 жылдан астам уақыттан бері белгілі. Бұл, әрине, басқа штамдар, бірақ олардың «өмір сүру» принципі бірдей. Осы уақыт ішінде олардан қорғайтын вакциналар жасалды. Бүгінгі таңда олар тек қолданыстағы штаммға өзгертілді. Сондықтан күтпеген салдардан қорқудың қажеті жоқ.

– Вакцинация жасалғандарға күнге күюге болмайды деген рас па?

– Жоқ, бұл дұрыс емес.

– Вакцинадан медотвод алуды растайтын құжат қандай?

– 026 нысанды анықтама. Бұл барлық мәліметтер мен диагнозды көрсететін арнайы форма. Бұл жағдайда медотвод ұзақ (бір жылға дейін немесе одан да көп) және уақытша (аурудың өршу кезеңінде) болады.

– Медотводты жеке немесе мемлекеттік емханадан алуға бола ма?

– Бұл маңызды емес. Ең бастысы, созылмалы аурудың өршуі бар екенін растау. Бізде бір ақпараттық жүйе бар, біз сіздердің диспансерлік есепте тұратындарыңызды немесе жіті түрде ауыратындарыңызды көріп отырмыз.

– Дәрілік препараттарға аллергиясы бар адамдарға не істеу керек?

– Егер вакцинаның компоненттеріне аллергия болса, онда бұл медициналық көмекке себеп болады. Егер мүлдем басқа препараттарға аллергия болса, бұл вакцинацияға қарсы емес.

– Жүректің ишемиялық ауруы және аритмия кезінде егуге бола ма?

– Егуі мүмкін, өйткені сізге тек осы аурулар қауіп төндіреді. Коронавирус жағдайында олар шиеленісіп, өлімге әкелуі мүмкін. Артериялық гипертензия медотвод алуға негіз бола алмайды. Бұл жағдайда вакцина қысым көтерілмей қалыпты болған кезде жасалады.

– Біз өндірісте жұмыс істейміз, санитарлық рұқсатнамадан өтуге, душ қабылдауға тура келеді. Мұндай жағдайда вакцинацияны қалай алу керек, өйткені оны сулауға болмайды ғой?

– Сіз су процедураларын қабылдаған кезде екпе салынған жеріңізді су тимейтіндей етіп орап тастай аласыз.

– Вакцина репродуктивті функцияға әсер ете ме немесе басқа жағымсыз салдары болуы мүмкін бе?

– Жоқ, мүмкін емес. Білесіз бе, жаңа вакциналар пайда болған кезде, мысалы, гепатит, полиомиелит, туберкулез және басқалардан адамдар қорқатын. Біз көбінесе жаңа нәрселерден қорқамыз. Дегенмен, вакцинация-өзіңізді аурулардан қорғаудың тиімді әдісі. Вакцинаны жасаумен бүкіл ғылыми-зерттеу институттары айналысады. Сондықтан тәуекелдер аз.

Алексей Проскуряков