Оңтайландырып көр!

Қажеттілік – өнертапқыштықтың шешесі.
Джонатан Свифт

Зауытта «ҮМЗ» АҚ рационализаторы-2020» конкурсы қортындыланды.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді: «Жылдың үздік өнертапқыштық ұсынысы», «Жылдың ең бірегей рационализаторлық ұсынысы» және «бөлімшедегі рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі».

Комиссияның шешімімен «Жылдың ең үздік өнертапқыштық ұсынысы» номинациясы бойынша «ЭМО 800 пешінің конденсациялаушы экранының конструкциясын өзгерту» атты ұсыныс жеңімпаз болып танылды. Оның авторлары тантал өндірісінің жұмыскерлері Анатолий Савичев, Шамиль Мавлюкаев және Антон Бабин.

Осы номинацияда қосалқы өндірістер тобында «К-600 РУ-6кВ (жылу бөлгіш құрамалар өндірісі) қоректендіретін №15 басты төмендету қосалқы станциясының №36, 57 жоғары вольтты ұяшықтардан телесигнализация схемасы» энергетикалық орталығы қызметкерлерінің ұсынысы жеңіске жетті. Андрей Выходцев пен Иван Борисов онымен жұмыс істеді.

Жылдың ең ерекше рационализаторлық ұсынысы «2450 позициялы планетарлық-бұрандалы араластырғыштан түсіру кезінде V-300 литр контейнерден үрлеуді ұйымдастыру» ұсынысы болды. Оның авторлары уран өндірісінің жұмыскерлері Сергей Гузеев, Владислав Когай, Антон Долганов және Павел Ефремов болды.

«Бөлімшедегі өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясында уран өндірісі жеңімпаз болып танылды: УӨ директоры Константин Кузьмин, рационализация және өнертапқыштық бойынша уәкілеттілер Владимир Панфилов пен Вячеслав Абубакиров.

Өндірісті үздіксіз жақсарту процесіне белсенді қатысқаны үшін жеңімпаз ұсынымдардың барлық авторларына ақшалай сыйақы төлеу арқылы алғыс жарияланды.

Бөлімшелердегі рационализаторлық қызметке жәрдем көрсеткені үшін ТӨ директоры Александр Ангилевкоға, УӨ директоры Константин Кузьминге, ЭО бастығы Сергей Шмурыгинге және рационализация және өнертапқыштық жөніндегі уәкіл Владимир Панфиловқа (УӨ «В» цехы), Вячеслав Абубакировке УӨ «Р» цехы), Максим Буфатинге (ТӨ), Елена Каратаеваға (ЭО) алғыс жариялады.

Ольга Ковалева, ҒТАжПЛЖБ инновациялар жөніндегі маманы.