Қауіпсіздік нәтижелері

6 маусымда ҮМЗ-да 2021 жылдың І тоқсанының өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмыс нәтижесі шығарылды. Кеңес онлайн режимінде өткізілді.

Іс-шараға кәсіпорынның бірінші басшылары, бөлімшелердің, еншілес және бірлескен кәсіпорындардың басшылары, ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі инженерлер қатысты.

Кеңесті Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде облыс және қала бойынша COVID ауруы туралы өзекті мәліметтерді ұсынды, вакцинацияның маңыздылығына баса назар аударды.

Өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чумин өз сөзін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК кәсіпорындарындағы өндірістік қауіпсіздік саласындағы оқиғаларға шолу жасаудан бастады. Зауытқа ойысқан Евгений Александрович I тоқсанда есепке алынатын жазатайым оқиғалар, инциденттер, кәсіби аурулар, жол-көлік оқиғалары, штаттан тыс немесе авариялық жағдайлар, өрттер мен жарылыстар тіркелмегенін атап өтті.

І тоқсанда «ҮМЗ» АҚ қызметкерлердің қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтата тұру/тоқтатудың жаңа рәсімі («STOP-карталар») енгізілді. Қазірдің өзінде екі тоқтату картасы тіркелген!

2021 жылдың I тоқсанындағы радиациялық жағдай өткен жылғы деңгейде сақталып отыр. Радиациялық қауіпті факторлардың бақыланатын мәндері кәсіпорында белгіленген бақылау деңгейлерінен әлдеқайда төмен.

ҮМЗ бөлімшелерінің атмосфераға шығаратын ластаушы заттарының жалпы шығарындылары және Үлбіге төгілетін жалпы төгінділер – нормадан асырылған жоқ.

Есепті кезеңде өрттер мен тұтанулар тіркелмеген. Есепті кезеңде мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан да тексерулер болған жоқ.

Кездесу соңында шешімдер шығарылды және қабылданды. Сергей Владимирович өндірістік қауіпсіздік саласында жоспарланған барлық іс-шараларды орындаудың маңыздылығын тағы да еске салып өтті.

Қызметкерден сұрақ: «Жақында қызметкерлер ауада ластаушы заттардың болуына шағымданған жағдай орын алды. Өздеріңіз білетіндей, ағаштар зардап шекті. Осы оқиғаға байланысты зауыт басшылығы не істейді?».

Жауап: «Шынында да, өндірістік алаңның газдалғаны байқалды, ағаштар зардап шекті. ҮМЗ негізгі өндірістері бойынша технологияларға талдау жүргізілді. 27 мамырдан бастап «ҮМЗ» АҚ өндірістеріне тән ластаушы заттардың шығарындылары атмосфераға жіберілмеді, сондай-ақ біздің зауыт жабдықтарының жұмысында жоспардан тыс тоқтаулар мен технологиялық іркілістер болған жоқ. Қалыптасқан жағдай туралы ақпарат «Казцинк»ЖШС диспетчері мен бас экологына жеткізілді. Казцинк тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта бұл мәселемен экология департаменті айналысуда».

Юлия Антонова