«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Өскемен қ.
29.12.2020 ж.

«ҮМЗ» АҚ-ның барлық дауыс беруші акцияларына иелік ететін жалғыз акционер «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Мұхтарханұлы Ибраевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Шәріпов Мәжіт Бейсембайұлын Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Шәріпов Мәжіт Бейсембайұлы

Білімі:

1988 ж. – Обнинск атом энергиясы институтының «Ядролық электр станциялары мен қондырғылары» мамандығы.

Еңбек қызметі:

1988 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясы Ядролық физика институтының ВВР-K пайдалану қызметі инженеры;

1992 ж. – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Ядролық қаруды таратпауды бақылау бөлімінің бас маманы;

2000 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Атом энергиясы комитетінің инспекция және талдау бөлімінің бастығы;

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Атом энергиясы комитетінің талдау және қадағалау бөлімінің бастығы;

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы және атом өнеркәсібі департаментінің директоры;

2010 ж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және атом өнеркәсібі департаментінің директоры;

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры;

2013 ж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

Тәжірибесі:

2015 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық отын циклінің жобалары департаментінің директоры;

2017 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы бөлімінің басқарушы директоры;

2020 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ басқарушы директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі жалпы жұмыс тәжірибесі – 5 жыл.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом, электролиз, металлургия өнеркәсібінің және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін әлемде танымал өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уранды, сирек металдарды және атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасындағы табиғи уран өндірісінің әлемдік көшбасшысы және ұлттық операторы. «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобына 46 кәсіпорын кіреді, онда 20000-нан астам адам жұмыс істейді. Активтерге барлау, уран өндіруден және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және кадрлар даярлауға дейінгі түпкілікті өнімдерді шығаруға қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% иелік етеді, 25% – Астана халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі