«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕЛЕРІ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2020 жылғы 24 сәуірдегі №5/20 хаттамасына сәйкес «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Олар Альмира Мұханбетқызы Сатмолдина және Дәулет Жұмабайұлы Оразалиев болды. Оларды «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін тәуелсіз директорлар сайлады. Бұрын бұл лауазымдарда қызмет еткен Кенжин Ерғазы Әсиұлы және Батырбеков Ерлан Гадлетұлы өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Альмира Мұханбетқызы Сатмолдина

Білімі:

2002 ж. – Ресей-Қазақстан Заманауи гуманитарлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы.

2008 г. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасы.

2012 г. – Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, заң бакалавры.

Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің мектептерінде және университеттерінде оқу туралы сертификаттар.

Еңбек қызметі:

2002-2004 жж. – Жезқазған қаласы бойынша салық комитетінде салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі жетекші салық инспекторы.

2004-2008 жж. – ҚР ҚМ СК №1 өңіраралық салық комитетінің тексеру департаментіндегі мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушыларға арналған аудит бөлімінің жетекші маманы.

2008-2009 жж. – «Olympex Advisers» ЖШС салықтық кеңес беру және апелляциялық тобының бас консультанты.

2009-2010 жж. – «Grata» Заң фирмасы» ЖШС-нің салық құқығы бөлімінің заңгері.

2011-2012 жж. – түрлі консалтингтік компанияларда экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша тартты консультанты.

2011-2014 жж. – «Қазгермұнай» БК ЖШС салық кеңесшісі, салық департаментінің бастығы, қаржы департаменті директорының орынбасары.

2016 ж. – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жетекші салық есепшісі.

2016-2018 жж. – «ҚазМұнайГаз» ЖШС бюджеттік және салықтық жоспарлау бөлімінің маманы.

2018-2019 жж. – «КАТКО» БК» ЖШС салық департаментінің бастығы.

Қазіргі уақытта – Нұр-Сұлтан қ. адвокаттар алқасының заңгер-кеңесшісі және машықтанушысы.

Дәулет Жұмабайұлы Оразалиев

Білімі:

1997 ж. – Халықаралық қазақ-түрік университеті, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті.

1999 ж. – КИМЭП, экономика магистрі.

2017 ж. – бизнес-мамандарды, топ-менеджерлерді Executive MBA бағдарламасы бойынша даярлау Лондондық бизнес мектебі, Іскер әкімшілдік магистрі.

Еңбек қызметі:

1999-2004 жж. – «Артур Андерсен» және «Эрнст энд Янг» халықаралық консалтингтік компаниялардың бас маманы, «Делойт и Туш» аудит жөніндегі менеджері.

2004-2006 жж. – «Элитстрой» ЖШС бас директордың экономика жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары.

2006-2008 жж. – «Development Solutions» ЖШС бас директоры.

2006-2010 жж. – «Белгравия» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жж. – «Бетпақ Дала» БК ЖШС бас директорының орынбасары – экономика және қаржы жөніндегі директоры.

2012-2015 жж. – «ИНКАЙ» ЖШС бас директордың орынбасары – экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директорының міндетін атқарушы.

2015-2017 жж. – «КАМЕКО Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры/қаржы директоры.

Қазіргі уақытта – Akaria Hamni for Project Management халықаралық бірлескен кәсіпорнының қаржы және корпоративтік басқару жөніндегі директоры, инвестор, кеңесші, кәсіпкер.