Машзауыт: жарайсың!

Нұр-Сұлтандағы бизнес-форумда «Машзауыт» ЖШС дипломмен марапатталды.

«Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылды отандық өндірушілерді қолдау жылы деп жариялады. Осы мақсатқа жету үшін қор Samruk Business Forum 2020 ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Аблай Мырзахметов және Қазақстан машинажасаушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мейрам Пшембаев қатысты.

Форумға Қазақстан машина жасаушылар одағы атынан Басқарма Төрағасы Мейрам Пшембаев қатысты. Форум сонымен қатар Қор мен отандық тауар өндірушілердің салалық қауымдастықтары арасында 2020 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, онда өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған қосымша шаралар кешені қарастырылған.

Шара барысында «Машзауыт» ЖШС «Сапалы жоспарлау» дипломымен марапатталды. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қолынан марапатты кәсіпорын директоры Виктор Шотт алды (суретте).

Алексей Проскуряков