«ҮМЗ» АҚ экологиялық жобасы туралы

«ҮМЗ» АҚ қатты радиоактивті қалдықтарды (ҚРҚ) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында көму бойынша жобаны әзірлеуге кірісті.

Жоба Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ арасында жасалған қоршаған ортаны қорғау саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты – қоршаған ортаға техногенді әсерді азайту. Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жоба 75 жыл пайдалануға есептелген. 2028 жылдан кейін «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы қалдық шаруашылығы телімінде ҚРҚ орналастыруды тоқтатады.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау «Қазатомөнеркәсіп» үшін бірінші кезектегі міндет болып қала береді. Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, барлық мүдделі тараптармен ашық және адал сұхбаттасуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады. 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік аварияларға жол берілмеді.» – деп, меморандумға қол қою кезінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов (суретте) атап көрсетті.

Семей ядролық сынақ полигонында ҚРҚ көму үшін үймереттер кешені құрылады. Әр үймерет жер астында орналастырылған монолитті темірбетонды бункерлер түрінде болады, бұл бункерлердің түбі жер бетінен 10 метр тереңдікте орналасады. Бункерлердің ішкі көлемі герметикалық қабырғалармен ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтың ішіне ылғалдың түсуін болдырмау үшін бункердің әр ұяшығында герметикалық темір бетонды қақпағы бар люк бекіту көзделген. Бункерлердің айналасындағы жер бетінде асфальтбетонды жабын төселеді. Үймереттерге жер асты және жер бетіндегі сулардан қорғау үшін гидрооқшаулағыш көзделеді. Бункердің ұяшықтарына ҚРҚ енгізу кезінде барлық процесс бойы дозиметриялық бақылау жасау көзделген. Толтырылғаннан кейін үймерет бітеледі, бетіне қалыңдығы 0,6 метрден кем емес топырақ себіледі және асфальтбетонды жабын төселеді.

Көмуге арналған жиналған партияларды жеткізу герметикалық контейнерлерде арнайы автокөліпен жүзеге асырылады. Контейнерлерден ҚРҚ шығару операциясы барысында атмосфераға және айналадағы ортаға ластаушы заттардың түсу ықтималдығын бастапқы тоғанақтың болуы жояды.

Жоба барлық заң нормаларын сақтаумен жүзеге асырылады және аумақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Газета «Рудный Алтай» №23 от 27.02.2020 г.