УАҚЫТТЫ САҚТАУШЫЛАР

 21 қазанда Үлбі металлургиялық зауытының Көрме-ақпараттық орталығы (КАО) өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

 Барлығы қалай басталды

Тарих 1981 жылы Орталық мәдениет үйінің кішкентай бөлмесінде орналасқан, қайта құру жылдарында біртіндеп жетім болып қалған Еңбек Даңқы Музейінен басталады. 1999 жылы, ҮМЗ-нің 50-жылдығында, Виталий Хадеев зауыттың ұлы тарихын сақтау мақсатында мұражай құру міндетін алға қойды. Осы іске мұражайдың бірдей болмайтынын жақсы білетін, үлкен тәжірибелері, нәзік талғамдары бар, идеялары көп, көрнекті зауыттықтар Альберт Ефимович Гофман, Светлана Николаевна Мордвинова мен Владимир Донцов кірісті, кейін оларға Галина Косоухова қосылды.

КАО директоры Альберт Гофман:

– Мұражайдың шекарасын кеңейткіміз келді, оның Көрме-ақпараттық орталығы болатынын сол кезде білетінбіз.

Сондай-ақ, шығармашылық топқа мерейтойға арналған іс-шараларды әзірлеу тапсырылды. Сол кезде дамыған нәрсе бүгін жақсы дәстүрге айналды. Бұл кітап, бұл әнұран, бұл Спорт сарайы мен Орталық мәдениет үйінде мыңдаған үлбіліктерді жиналған концерттер. Альбомдар пайда болды - ештеңе жоғалмады, бәрі сақталды.

 

Өткеннің, болашақтың және қазіргі заманның бекінісі

1999 жылдың 21 қазанында таңдалған ғимаратта – бұрынғы дүкенде – құрылыс жұмыстары аяқталды. Тарихи даңқ залы жұмысын бастады. Кейін, өндірілген өнімдердің үлгілері бар, зауыттың интерактивті макеті бар жұмыс істейтін өндірістер залы ұйымдастырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, уран, бериллий, тантал өндірісі, сапа менеджмент жүйесі және қоршаған ортаны қорғау туралы ақпараттар бар сенсорлық дүңгіршектермен кірістірілген плазмалық панельдер орнатылды.

2005 жылы орталықта сақталған барлық материалдар электрондық форматқа ауыстырылды және қазіргі кезде ішкі порталда бәріне қол жетімді.

КАО-нда конференц-зал, кіші мәжіліс залы, сыйлық бөлмесі, көркем-қолданбалы өнер көрмелердің залы бар.

 Бүгін КОО алыс және жақын шетелден келген қонақтардың делегацияларын, саяси көшбасшыларды қарсы алады, орталық базасында қоғамдық-саяси және ғылыми іс-шаралар, конференциялар, кездесулер, дәрістер, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады.

Жыл сайын КАО аймақтық жоғары оқу орындарының студенттерінің зауытқа өзекті тақырыптар бойынша дипломдық жобаларын қорғауды өткізеді. КАО жұмысында маңызды рөл техникалық мамандықтардағы оқушылардың, колледж және жоғары оқу орындарының студенттердің кәсіби бағдар беруіне тағайындалады. Бұл зауытқа қажетті мамандарды тарту үшін жасалады.

Бүгінгі күні орталыққа келушілердің саны – 157 000 адам!

 Әріптестер ғана емес…

Ұжым бұрынғыдай үлкен емес, бірақ шығармашыл және тату.  

Тұрақты жетекші – Альберт Гофман, Владимир Донцов – ақпараттық жұмысты интерактивті қолдау бойынша тобының жетекшісі, Алена Константинова және Елена Луговская – экскурсия және көрме жұмыстарының мамандары. Залдардың жайлылығы мен тәртібін, эстетикалық сұлулығын Галина Косухова, Елена Климова және Галина Гончаренконы алмастырған Оксана Дегтярева мен Наталья Воробьева ұстайды. Светлана Николаевна Мордвинованы екі жыл бұрын лайықты демалысқа шығарып салды, бірақ ол өзінің туған туындысымен байланысты үзбейді.

Үлбі металлургиялық зауыты өмір сүретін, КАО өмір сүретін тарих жалғасуда...

 Анна Чумина