ТАБИҒАТҚА ЗИЯН КЕЛТІРМЕСТЕН

 Қоршаған ортаға қамқорлық жасау үлкен жауапкершілігін алғандар үшін - 5 маусым кәсіби мереке. Бұл күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі

 Осы мейрамға байланысты «ҮМЗ» АҚ-да бұйрық шығарылды, бұнда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – ол «ҮМЗ» АҚ-дағы табиғатты қорғау қызметі саласындағы істердің жай-күйін талдаудың жақсы мүмкіндігі екені айтылған.

Атмосфералық ауаның, жер үсті, жер асты суларының, топырақтың сапасын зерттеу нәтижесі көрсеткендей, "ҮМЗ" АҚ қызметі атмосфералық ауаның, судың және топырақтың жай-күйіне теріс әсер етпейді.

Өндірістер және зауыт басқармасы қызметтерінің басшылары мен жұмыскерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында қоршаған ортаны ластаушы заттар эмиссиясы 2018 жылы белгіленген лимиттен аспады.

"ҮМЗ" АҚ басшылығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің табиғи қоршаған ортаға қолайсыз әсерін төмендетуге бағытталған қызметті тұрақты жетілдіруге ұмтылысы, "ҮМЗ" АҚ өндірістік қызметінің Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес келу фактісін кез келген мүдделі тараптарға көрсетуге ниеті "ҮМЗ" АҚ-ға қоршаған орта менеджменті жүйесін (ҚОМЖ) әзірлеуді және енгізуді ынталандырды. Жыл сайын ҚОМЖ сертификаттаудан сәтті өтеді.

Бұдан басқа, "ҮМЗ" АҚ Экологиялық менеджмент жүйесі зауыттың әрбір жұмыскеріне өзінің қатысуын және қала мен аймақтағы қоршаған ортаны сауықтырудың жалпы міндеттерін шешуде өзінің жауапкершілігін сезінуге көмектеседі.

Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету, "ҮМЗ" АҚ ықпал ету аймағындағы қоршаған орта нысандарының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру және қоршаған орта менеджменті жүйесінің нәтижелі қызмет етуі бойынша тиімді жұмысы үшін кәсіпорынның 22 қызметкеріне алғыс жарияланды. Оның ішінде УӨ «В» цехының операторы С. Пичелатов, БӨ аппаратшысы М. Крыкпаев, ТӨ ТБК бастығының орынбасары-технолог Е. Чвырин, ҚШ энергетигі А.Титов, СО ҚОҚТ аэрозольді зертханасының зертханашысы А. Махнев, ҒО ЕҚжҚОҚ  жөніндегі инженері С. Шипинский, ҚОҚ бөлімінің ҚОҚ жөніндегі бас маманы – ҚОҚ тобының жетекшісі М. Белянинов бар.

 ҮМЗ баспасөз қызметі