БАЛАЛАР СУРЕТ САЛҒАНДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ

 «ҮМЗ» АҚ-ның 70 жылдық мерейтойына арналған «Менің отбасым – металлургтер» атты балалар суреті байқауының қорытындысы шығарылды.

 Біздің балалар Үлбі металлургиялық зауытын кемпірқосақ пен гүлдермен жақтаушаланған ашық бояуда, металл төгілген алтында, ата-аналарының күлімсіреген жүздерінен көреді.

«Тірі металл», «Қызу жұмыс», «Зауыттағы ана», «Токарь әке», «Металлургияның түсі – ҮМЗ» – байқауға қатысушылардың жұмыстарының атауы жас суретшілердің тақырыпты іске асыруға деген шығармашылық көзқарасын жеткізеді.

– Байқауды өткізуге өте жақсы отбасылық тақырып таңдалған. Және де барлық жұмыстар оған сай келді. Балалар тек зауыт корпусын ғана бейнелеп қоймай, әкелері мен аналарының жұмыс орындарын бейнелеген, біреуі металлдың қалай балқитынын, ал біреуі оның пайдалануын көрсетті, - қазылар алқасының мүшесі «Жұлдыз» БӨМ көркем өнер бөлімінің оқытушысы Елена Машкина айтып өтті.

Байқауға ҮМЗ жұмыскерлерінің 27 баласы қатысты, олар 35 жұмыс ұсынды. Қорытынды үш жас санаттары бойынша жүргізілді: 5-тен 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгілер, 7-ден 10 жасқа дейінгі оқушылар, 10-нан 12 жасқа дейінгі оқушылар.

Бірінші топта бірінші орын Александра Акимованың суретіне, екінші орын - Анастасия Алексееваға, үшінші орын - Диана Ревуцкаяға берілді. Екінші жас ерекшелік тобында бірінші орынды Даниил Чебаевскийдің жұмысы, екінші орынды - Полина Городнюктің жұмысы, үшінші орынды Арина Решетникованың жұмысы иеленді. Ересек топта Карина Зангинаның жұмысы жеңді, екінші орынды Анастасия Семенова, үшінші орынды Алина Яковлева иеленді.

31 мамыр күні Қ. Қайсенов атындағы саябақта (бұрынғы С. Киров атындағы саябақ) Балаларды қорғау күніне арналған мерекеде байқаудың барлық қатысушыларына құрмет көрсетілді. Жас суретшілер үшін Өскемен қаласының Балалар көркемөнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті

Бірде-бір қатысушы назардан тыс қалған жоқ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал қалған қатысушыларға грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 Пресс-қызметі