Жоғары кәсіптер

 Үлбі металлургия зауытында «ҮМЗ» АҚ «Үздік электромонтер» атағына кәсіби шеберлікті қарау бойынша байқау өтті.

Байқау дәстүрлі түрде Өскемен қаласының көпсалалы технологиялық колледжі (ӨКТК) базасында өтті. Биылғы жылы ол зауыттың 70-жылдығына арналды. Байқауға арналған орынды таңдау кездейсоқ емес. Оқу орнының және ҮМЗ бірлескен қызметі ұзақ тарихты қамтиды. Бұл колледж 1978 жылдан бастап зауыт үшін жоғары білікті кадрлар дайындайды.

–                 Оқу орны ретінде біз үшін конкурстың мақсаты - жұмыс мамандықтарының беделін көтеру және насихаттау. Ал студенттерге - бұл өздерінің өндірістегі тәлімгерлерін көруге тамаша мүмкіндік. Студенттер колледжді бітіргеннен кейін зауытқа жұмысқа қуанышпен келеді. Мәселен, 2017 жылы «Аппаратшы-гидрометаллург» мамандығының 11 түлегінің ішінен тоғызы ҮМЗ жұмысқа кірді, – деп оқу және өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Шынар Кекубаева хабарлады.

Биылғы жылы үш номинация бойынша кәсіби шеберлік байқауына 17 электромонтер қатысты. «Жас потенциал» номинациясында он жылға дейін жұмыс тәжірибесі бар зауыт қызметкерлері жарысты. «Тәжірибе және шеберлік» номинациясында 10 жылдан 20 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар үлбіліктер жарысты. Ал «Кәсіби» номинациясында 20 жылдан астам уақыт бойы өз мамандығын иемденгендер білім мен дағдыларды көрсетті.

Байқау екі бөлімнен тұрды – теориялық және тәжірибелік. Теориялық тапсырма тестілеу түрінде өткізілді, оған 45 минут бөлінді. Сынақ барысында 16 тақырыптар бойынша 30 сұрақ қойылды, оған қатысушылар 30 ұпай жинады. Тәжірибелік тапсырма үшін 150 минут берілді. Ең жоғарғы көрсеткіш 70 баллмен бағаланды.

Сайыс барысында қатысушыларға жұмыс орнында қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау сияқты критерийлер бойынша қосымша баға берілді.

Жүлделер екі кезеңде алынған ұпай саны бойынша бөлінді. «Жас потенциал» номинациясы бойынша Олег Борисов (бериллий өндірісі) бірінші орынды иеленді. «Тәжірибе және шеберлік» номинациясында Сергей Нехорошев (тантал өндірісі) үздік болды. Андрей Лемешко (бериллий өндірісі) «Кәсіби» номинациясында жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз-қызметі