• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

Әзілді қалтырыңдар! Бізде – мерейтой!

 6 наурызда «Ертіс концерт» ОМҮ «Заводская семья – заводная семья»Үлбі металлургиялық зауытының шығармашылық байқауы өтті.

 Халықаралық әйелдер күніне орай «ҮМЗ» АҚ «Заводская семья – заводная семья» атты КВН пішімді дәстүрлі шығармашылық байқау өтті. Аталған жарыс өзімен әдебиет, кино, музыка, теарт, би, ән, пародия, балет, поэзия, спорт, шоу және телевиденияның қорытпасын білдіреді.

Осы жылы ҮМЗ 70 жыл толады және шараның тақырыбы тиісті «Сәлем, Мерейтой!» болды.  Аталған тақырыпқа «Тантал», «Без комплексов» және «Союз бериллиевого производства» жиналған командалар әзілдесті, олардың құрамына негізгі және қосалқы өндірістердің өкілдері кірді.

Жарыстың жүргізушісі Алексей Серовтың айтқанындай: «Қандай мерейтой танысусыз?». Және де «Мерейтой – әзілсіз іс!» дәстүрлі сәлемдесуді бастады. Командалар алғашқы минуталардан бастап өздерін қатты дауыспен, анық хабарлады. Өткір әзілдеп, бар ниеттерімен ән айтып, би биледі.

Қандай мерейтой сыйлықсыз болады? Үй тапсырмасының тақырыбы да тиісті болды – «Достардан сыйлықтар...». Жиналған командалар көрермендерді және қазылар алқасын өз ойынмен жеңіп алды.

Қазылар алқасының құрамына өз саланың «кәсібилері» кірді. Олар: «ҮМЗ» АҚ  бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Әділжан Оржанов, ШҚО композиторлар одағының төрағасы Светлана Апасова, хореограф-мұғалімі Марина Величко, Шығыс Қазақстан облыстық орыс театрының көркем жетекші Роман Степенский және «ЧП Регион» КВН жиналған командасының мүшесі Диас Жүнісбеков.

Зауыт қызметкерлерінің корпоративтік рухының жарқын көрсеткіштерінің бірі «Заводская семья – заводная семья» байқауы жарқын, салтанатты және музыкалық түрде өтті. «Тантал» екі айналымдада ең көп ұпай жинады. Ол бірінші орынды және 250 мың теңгені алып кетті. Екінші орынды және 200 мың теңгені «Без комплексов» жиналған командасы алды. Ал үшінші орын және 150 мың теңге «Союза бериллиевого производства» командасында.

«Бәрі тамаша өтті!» - командаларға өз бағасын Светлана Апасова берді.

Өткен байқау ҮМЗ 70-жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шараларға тамаша бастама берді. Ол, отшашудың алғашқы атысы секілді, барлығына биылғы жылы бай және жарқын болатындығын көрсеткендей, қатты және салтанатты түрде атылды.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз-қызметі