МИЛЛИАРД – ҚОРШАҒАН ОРТАҒА

 «ҮМЗ» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша 2018 жылдың шаралар жоспарын іске асыру нәтижелері қорытындыланған және 2019 жылға шаралар жоспарлануда.

 Өскемен бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша 2018 жылдың шаралар жоспарымен 20 шара 612 531 мың теңгеге іске асыруы қарастырылған болатын. Нақты олардан 17 шара жүзеге асырылып, бір миллиардтан астам теңге жұмсалынған болатын. Қаржыландырудың өсуі «Қалдыққойма. № 5 әуіт-буландырғышы (картасы). 1 кезектің құрылысы. № 5 картаны пайдалануға енгізу, 1-нші кезек» және «№ 1С картаны қалпына келтіру. Картаның бетін жабу бойынша жұмыстарды аяқтау» жобаларды жедел жүзеге асыруына қосымша қаражат бөлуімен байланысты. Жұмыстардың аяқталуы 2019 жылға жоспарланған.

«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің Курчатовтағы байыту фабрикасында 2018 жылдың жоспарына 12 шара 10 660 мың теңгеге қосылған болатын. Олардың ішінде толығымен 11 шара орындалды және 9 500 мың теңгеден астам қаражат жұмсалды. «Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шекті-рұқсат етілетін шығарындылары бойынша нормативтер жобаларын түзетуі» шараның жүзеге асыруының қажеттілігі, өзектілігін жоғалтты, себебі аталған жоба ҚР экологиялық заңнаманың талаптарына жауап береді.

«ҮМЗ» АҚ Қаражал кенішінде өткен жылы табиғатты қорғау жұмыстары бойынша 18 890 мың теңгеге 13 шараның іске асыруы қарастырылған болатын. Олардың ішінде 7 486 мың теңгеге тоғыз шара толығымен орындалды. Қаражал кенішінде қашыртқы сулары тазартқыш құрылыстардың  құрылыс-құрастыру жұмыстардың орындалуы және жұмыс жобаның әзірлеуі 2019 жылға қалтырылды. Тағы үш шаралардың орындалуы жыл бойы бірқатар себептерге байланысты орынсыз болып шықты. Шекті ұйғарынды шығарындылар стандарттарын әзірлеу қажеттілігі жоғалды, себебі шығарындылар нормалары ағынды сулардың тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жобаның құрамына кіреді. Қолданыста бар жобалар ҚР экологиялық заңнаманың талаптарына сай болғанына байланысты, шекті ұйғарынды шығарындыларының стандарттары және қалдықтары жою стандарттары жобаларын әзірлеу қажеттілік жоғалды.

Кәсіпорынның экология бойынша шараларды жүзеге асыруға шығындар Жыл сайын өсіп келе жатыр. 2017 жылы тек Өскемен бойынша қаржыландыру 600 миллион теңге көлеміндей болды, 2018 жылы – 612 миллион теңгеден астам жоспарланған болатын, 2019 жылдың жоспарына 670 миллион теңге кепілге салынған.

Осының барлығы Үлбі металлургиялық зауыты үшін қоршаған ортаны қорғау басым бағыттардың бірі әрқашан болғандығын және болатындығын куәландырады.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз-қызметі