БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ИДЕЯЛАР

 «ҮМЗ» АҚ жұмыскерлері «Тиімді идеялар» бизнес-форумның шеңберінде өткен сайыста жүлделі орындар алды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ұйымдастырған бизнес-форум компанияның кәсіпорындарында үздіксіз жақсарту қағидаларын қолдану және үнемді өндірістің құралдарын енгізуге арналды.

«Болашақ идеясы» номинациясында «Вайтинг» пешінің пештік және шөміштік қалдықтарын қайта балқыту учаскесін құруға бағытталған бериллий өндірісінің жобасы 1-орынды иеленді. Жоба көшбасшысы - БӨ директорының өндірісті дайындау және қайта құру жөніндегі орынбасары Дмитрий Андреев. Жеңімпаз І-дәрежелі грамотамен марапатталды және оған Toyota компаниясының зауыттарында тәжірибе алмасу мүмкіндігі берілетін болады.

«№У11001 келісімшарт бойынша AFA 3G таблеткаларды жасау үшін пресс-құралдарының (төменгі пуансон, жоғарғы пуансон және матрица) геометриялық өлшемдерін өзгерту» рационализаторлық ұсыныспен қатысқан құрамында Борис Карманов, Владислав Когай және Евгений Кириллов болған уран өндірісі және ғылыми орталықтың командасы «Экономикалық тиімділі бар 2017 жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» номинациясында 2-орын алды. Жеңімпаздар                   ІІ-дәрежелі грамота және 500 мың теңге сомасында сертификат алды.

Уран өндірісінің механигі Владимир Антропов «2017 жылдың үздік рационализаторы» номинациясында жүлделі 3-орынға ие болды. Владимир Дмитриевич ІІІ-дәрежелі диплом және 200 мың теңге сомаға сертификатпен марапатталды.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі