ОЙЫНДА ТЕК ЭРУДИЦИЯ

 «Барлығын және барлығы жайында біледі» - осындай сипаттаманы дәстүрлі «Ой-сана ойындары» атты зияттық ойында жеңіске жеткен бериллий өндірісінің «Изумруд» командасына беруге болады.

 Өткен білгірлер сайысына ҮМЗ негізгі бөлімшелерінің және еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Ең мықты атағын иелену үшін бес команда ат салысты. Алдын ала өзінің қатысуы туралы едәуір тәжірибесі бар командалар «Изумруд» (бериллий өндірісі), «УРАНиУМ» (уран өндірісі), «Железная логика» ( «Машзавод» ЖШС) және конкурсқа жаңадан келген команда «FA Ust» («Үлбі-ЖБҚ» ЖШС) өтінім берді. Ойын залында оларға ҮМЗ Жастар бірлестігі мүшелерінен құралған көрермендер командасы «Аркадий Северный» қосылды. 

– «Ой-сана ойындары» – бұл бәріміздің басымызды қосатын шынымен де корпоративтік іс-шара. Ойындарға белсенді жастар да, орта буын қызметкерлер де қатысуға тырысады. Бұл ойынның дәстүрге енгені соншалықты, жыл көлемінде күтеміз, - деп өз ойын «Аркадий Северный» көрермендер командасының мүшесі, қаржы бөлімінің маманы Жанар Мухаметкалиева білдірді.

Бұл жылы «Ой-сана ойындары» жаңа форматта өтті. Егер алдыңғы жылдарда конкурс «Что? Где? Когда?» және «Своя игра» теледидар ойындарының бейімделген ережелері негізінде өтсе, бұл жолы ойынды өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Конкурс жеті турдан тұрды: «С первого взгляда», «История в лицах», «Мозговой штурм», «Угадай мелодию», «Машинный перевод», «Устный счет», «Что? Где? Когда?».  Қажет баллды алу үшін қатысушылар әртүрлі саладағы өз білімдерін көрсетуге: математиканы, химияны және физиканы біліп, Қазақстанның және біздің облыстың тарихи қайраткерлерін тануға, өлеңдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне еркін аударып, әйгілі фильмдердің  саундтректерін біліп, және де әрине жоғары деңгейде логикалық ойлау қабілетін көрсете білуі қажет болды.   

Бұған қоса біздің интернет ғасырда білгірлер тек өздерінің ақылдары мен эрудициясына ғана сене алды. Жүргізушілер қатысушыларға гаджеттерді қолдану рұқсат етілмейтіндігін бірден айтты. Алайда, гаджеттердің қажеттілігі де болмады. Қатысушылардың білімдері де жетті, күмән болған тұста логикаларын қосты. Зияткерлер сайысы динамикалы өткендігі соншалық, жүлделі орын алған командалар арасындағы ұпай саны елеусіз болды.

– Біздің командамыздың ойыны жақсы болды. Шынымен, менің күтуімше «Изумруд» командасы сенімді түрде едәуір алға шығады деп ойлағам, қатысушылардың біліміне күмәнім болмады, бірақ бұл формат «Ой-сана ойындары» үшін жаңаша ғой, әдеттегідей емес, - деп жеңіске жеткен «Изумруд» команда капитаны бериллий өндірісі директорының маркетинг және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары Константин Зенков өз ойын білдірді.   

Тек бір ғана ұпайға (!)  кем болған «FA Ust» командасы екінші орынды,  үшінші орынды уран өндірісінің білгірлері иеленді.  

 Пресс-кызметі