• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өз туған күнін тойлады

 Өскемен қаласы      29 қазан  2018 ж.    

 29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты 69-ыншы Туған күнін атап өтеді. Осы күні 1949 жылы бұрынғы Кеңес Одағының және қазіргі Қазақстанның атом саласының жетекші кәсіпорнының бірі алғашқы өнімді алып, жұмыс істей бастады.

Осы 70 жыл ішінде ҮМЗ алынған металдар мен құймалар ғылымды қажет ететін өнеркәсіптік саласында, бірінші кезекте атом саласында кеңінен қолданылады. Атом электр станциялары үшін уран отынын шығаратын әлемдегі ірі өндірушілердің бірі болғандықтан, Үлбі металлургиялық зауыты жоғары технологиялық отын өнімімен әлімдік отын нарығына шығу бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық жоспарының маңызды рөлінің бірі болып табылады.

Осы мақсатпен зауытта жылу бөлгіш құрамаларды шығару жобасы жүзеге асырылуда. Алғашқы сынамалық құрылғыларды шығару 2020 жылдың соңына жоспарлаған.

Уран өндірісінде Қытай нарығына арналған отын таблеткаларын шығару бойынша келісімшарт жүзеге асырылуда. Уран өндірісі таблеткаларды шығару бойынша келісімшарттарды жүзеге асырып жатыр. Инвестициялық жоба шеңберінде бөлімшеде еңбек өнімділігін арттырып, шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған таблеткаларды шығару өнідірісі жаңартылуда. Нарықта тұрақты орнымызды сақтау мақсатында зауыттықтар шығарылатын өнімнің сапасын әрдайым жоғарылатады және оның жаңа түрлерін меңгереді.

Тантал өндірісінде балқытқыш шпатты концентраттың ең ірі тапсырысы жүзеге асырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тау-кен байыту кешенінің жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Дәстүрлі тантал және ниобий өнімдерін жеткізу бойынша келісімшарттарға қол қойылды.

Бериллий өндірісінде жапониялық компанияға алюминий-бериллийлі лигатуралар мен карботермикалық мыс-берилийді сату бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Жоғарғы сападағы металды бериллийді жеткізу бойынша қытайлық компаниямен жасасқан ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылы «ҮМЗ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформация бағдарламасы шеңберінде енгізілген бизнес-үрдістің жаңа мақсаттық моделін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және әлемдік төселімге сәйкес келетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық еншілес ұйымдарындағы бірыңғай басқару моделіне енгізуге мүмкіндік беретін жаңа мақсаттық ұйымдастыру құрылымына ауысты.

Кәсіпорыннның барлық жетістіктері – бұл, ең алдымен, барлық ұрпақтағы үлбіліктердің жаңқиярлық еңбек нәтижесі мен олардың жоғары біліктілігі.

- Алайда зауыттың ең басты қазынасы - ол адамдар. Кәсіпорындағы барлық жетістіктер – бұл, алдымен, үлбіліктердің жаңқиярлықтың көпжылдық жемісті еңбегінің нәтижесі мен жоғары кәсіби біліктілігі, - деді өз құттықтау сөзінде «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Медео.

Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша Зауыт күні қарсаңында ҮМЗ-де жалпы іске өз үлестерін қосқан қызметкерлер аталып өтіледі. Осы жылы зауыттың «Зауыт ардагері» атағы он зауыт қызметкеріне берілді. Сонымен қатар он зауыттық Құрмет грамоталарымен марапатталса, зауыттың 150 қызметкеріне алғыс жарияланды. Бұған қоса барлық жұмыскерлер ақшалай сыйақымен мадақталды.

 

·                «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·                «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі