КҮЗ – ЕСЕПТІЛІК МЕРЗІМІ

 Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агентігі (АЭХА) ағымдағы жылдың қыркүйек айында «ҮМЗ» АҚ-да ядролық материалдардың мөлшері мен сақтау жағдайларын жыл сайынғы тексеруді (верификациялауды) өткізді.  

 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (ҚР ЭМ АЭҚБК) атынан тексеріске сарапшылар Гүлнар Елігбаева мен Медет Тарбаев қатысты. Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бөлімі, Уран өндірісі, Сынау орталығы, дайын өнімдер қоймасы, күзет және күштеп қорғау бөлімі, протокол бөлімі, ақпаратты қорғау бөлімі мен автокөлік шаруашылығының қызметкерлері ҮМЗ атынан АЭХА инспекторлардың жұмысын қамтамасыз етті.

Тексеріс кезінде АЭХА-ның 12 инспекторы ядролық материалдардың болуын, уран және торий бойынша материалдық-баланстық есепті, ядролық материалдарға бір қатар өлшемдерді жүргізіп, сынамаларды іріктеп алды. Ядролық материалдары бар контейнерлердің бітемелерін ауыстырып, қондырғы конструкциясы бойынша ақпарат пен ҮМЗ-дегі ядролық материалдарды есепке алу және бақылау үрдісінің орындалуын тексерді.

ҮМЗ орындалған Желдету жүйесі мен ваккумдық желілерінде орнатылған жабдықтардан алынбайтын уран өлшемдеріне тексеру жүргізілді. Сонымен қатар инспекторлар Зауыт және агенттікпен жасалған өлшеу нәтижелерінің сәйкестігіне қорытынды берді. Ядролық материалдардың өлшемдерін орындау алдында АЭХА инспекторлары ең бірінші оларға стратификация мен статисткалық іріктеу жүргізді. Біздің кәсіпорын қызметкерлері АЭХА инспекторларына жан-жақты көмектерін көрсетіп, «COMPUCEА» экспресс-зертханасының көмегімен ядролық материалдар сынамаларына талдау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Ядролық материалдардың тексерісі аяқталған соң АЭХА инспекциясының басшысы Волкан Унсал және «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер Анатолий Кучковскийдің кездесуі өтті.

Волкан Унсал зауыт әкімшілігіне тексеріс өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, «ҮМЗ» АҚ-ы «COMPUCEА» экспресс-зертханасының көмегімен ядролық материалдарға сынамалық талдау жүргізетін бірден бір кәсіпорын. Осындай талдауды жүргізу арқылы есептілік ақпараттардың үйлесімсіздігін дер кезінде анықтауға болады. «ҮМЗ» АҚ ядролық материалдардың кезекті тексерісі сәтті өтті. АЭХА өкілдері верификация кезінде туындаған сұрақтарды шешу кезіндегі зауыт қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне жоғары баға берді. Тексерістің нақты қорытындылары бірнеше айдан кейін ҚР ЭМ АЭҚБК ресми хабарламаларды алғаннан кейін белгілі болады.

 ҮМЗ баспасөз қызметі