ҮЗДІКТЕР АТАҒЫН ҚАЙТАРДЫ

 «ҮМЗ» АҚ ең үздік қабырға газеті» байқауының жеңімпазы болып «Тантал» (тантал өндірісінің) басылымы танылды. Екінші орында «Металлург» (Бериллий өндірісі), үшінші орында «Энергетик» (Энергетика орталығы).

 Үлбі металлургиялық зауыты күні қарсаңында дәстүрлі жыл сайынғы қабырға газеттерінің байқау–жарысының қорытындылары шығарылды. Байқауға зауыттың бес бөлімшесі қатысты – Бериллий және Тантал өндірістері, Автокөлік және Қойма шаруашылықтары және Энергетика орталығы. Конкурстық комиссия төрешілігіне 10 қабырға газеті ұсынылды.

Жылдан жылға қабырға газеттері қызықты, креативті және ақпаратқа толы болып келеді. Сол себебті жеңімпаздарды анықтау да жылдан жылға қиындап барады. Бағалау кезінде жюри газеттің терең мағынасын, жоғары деңгейдегі көркемдеп безендіруін, тақырып өзектілігі мен газет шығарылымының санын ескерді.

Байқау-жарыс ережесіне сәйкес «Тантал» қабырға газетінің редколлегиясын – жеңімпазды 50 мың теңге мөлшердегі ақшалай сыйақымен мараппатады. 40 мың теңге екінші орын үшін «Металлург» редколлегиясына табысталса, 30 мың теңге «Энергетик» редколлегиясына төленді.

-   «Тантал» қабырға газетінің байқауда жеңіп алуы, бұл жалғыз редколлегия мүшелерінің еңбегі ғана емес, бұл басылымды шығаруға ат салысқан барлық бейжай емес қатысушылардың еңбегі, - дейді «Тантал» газетінің редакторы, ТӨ инженер – технологы Максим Буфатин.  – Уақыт келе бізде редколлегия тобы құрылды. Бөлімше басшысы қабырға газетіне аса көңіл бөледі, әрбір басылым нөмірі Тантал өндірісінің директоры Алексей Цораевпен келісіледі.

16 мың 500 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйақысы «Автомиг» қабырға газеті мен «Этап жизни СХ» қабырға газетіне берілді.

 ҮМЗ баспасөз қызметі