«ҮМЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ ТОЙЛАП ӨТТІ

Өскемен қаласы 28.09.2018 ж.

28 қыркүйек күні «ҮМЗ» АҚ ұжымы атом саласы қызметкерлері күнін атап өтті.

Атом технологиясын дамыту XX ғасырдың басты инновациясы болып, ғарыштан бастап медицинаға дейінгі барлық саланы меңгерудегі ықпалы күшті түрткі болды. 

Үлбі металлургиялық зауыты атом өнеркәсібінің дамуына өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні Қазақстанның заманауи атом саласын ҮМЗ- сыз елестету мүмкін емес. 1997 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамына кіргеннен кейін, кәсіпорын компанияның стратегиялық маңызды жоспарларын жүзеге асыратын алаңға айналды, бұл зауыт пен жалпы саланың дамуына өз септігін тигізуде.

Қытайдың CGNPC компаниясымен бірлесіп жылу бөлгіш құрамаларды (ЖБҚ) шығару бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде «ҮМЗ» АҚ-мы ядролық реакторлардың жұмысына қажетті аса сенімді және жоғары деңгейлі конструкцияларды дайындайтын, толығымен автоматтандырылған заманауи өндірісті жасай алады. Бұл деген ҮМЗ жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Кәсіби мерекемен кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтаған, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Медео:

– Кәсіби мереке – бұл өз кәсібіне адал, жанкешті ісі үшін барлық қызметкерлерге алғыс білдіруге лайықты себеп. Бүгінгі күні алдымызда заманауи технологияларды дамыту, инновацияларды енгізу мен жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша маңызды тапсырмалардың маңыздылығын айтып кетті.

ҮМЗ» АҚ қызметкерлерін сіңірген зор еңбегі үшін Озаттық кодексіне адал және өнімді еңбектері үшін ҮМЗ 10 қызметкері «ҮМЗ» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 170 қызметкерге алғыс жарияланды.

 ·         «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·         «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіп компания қатарына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін, 46 кәсіпорын кіреді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді. «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалғыз акционері болып табылады.

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі