• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

БАСПАСӨЗ – БАЯНЫ. Үлбі металлургиялық зауытының командасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК XVIII Спартакиадасының чемпионы болды

 28 тамыз 2018 ж.

 «ҮМЗ» АҚ командасы жалпы командалық бірінші орын алып және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XVIII Спартакиадасының чемпионы болды.

Спартакиада Алматыда 20 тамыздан бастап 24 тамызға дейін тоғыз спорт түрі: мини-футбол, волейбол, стритбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, жеңіл атлетика, бильярд және армрестлинг бойынша өтті. Осы жылы Спартакиадаға 22 команда қатысты, атом саласында жұмыс атқаратын 800 адамның басын қосты.

«ҮМЗ» АҚ құрамына кәсіпорынның 44 ең күшті дене шынықтырушылары кірді. Бірнеше рет Спартакиаданың чемпиондары болған атақты зауыт спортшыларымен қатар, зауыт намысын дебютанттар да қорғады.ең күшті дене шынықтырушылардың ең күшті дене шынықтырушылардың ең күшті дене шынықтырушылардың

Үлбіліктер жеңіл атлетика, волейбол, армрестлинг, шахмат және үстел теннисінде - бірінші, бадминтон және бильярдте – екінші, стритбол – үшінші және футболда – жетінші орындар алды.

Салтанатты жабылуында Ұлттық атом компаниясының төрағасы Галымжан Пирматов қатысушыларды және жанкүйелерді спартакиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады:

«Спартакиада кезінде сіздердің әріптестеріңізбен араласуға, компанияның соңғы жаңалықтарымен бөлісуге мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар біз үшін өте маңызды, өйткені спорт адамдарды біріктіреді және корпоративтік рухты күшейтеді. Барлық командалар спорттық дайындықтың жоғары деңгейін және жақсы нәтижелер көрсетті. Алдағы уақытта да жаңа жеңістер болсын!»

Салтанатты іс-шара үздік спортшыларымен командаларды марапаттаумен аяқталды. «ҮМЗ» АҚ командасы чемпион кубогына ие болды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының мықты командасы болып атанды.

 ·       «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы және уран, сирек металдар және атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасының ұттық операторы болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 46 кәсіпорын кіреді, бұл кәсіпорындарда 20 000  астам адам жұмыс істейді. Оның активтерін геологиялық барлау; уран өндірісі; ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету, оқытуға дейінгі түпкілікті өнімнің өндірістік тізбегіне қатысатын  кәсіпорындар кешені  құрайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

·       «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.