Жолда - тек шеберлер ғана

 Қозғалтқыштың қатты даусы, аспанға көтерілген шаң, қатысушылардың қызығушылығы... «Париж-Дакар» раллиінің үздік дәстүрі бойынша ҮМЗ Автокөлік шаруашылығында кәсіби шеберліктің байқау-конкурсы өтті.

 Конкурс көлік қызметкерлері Күніне орайластырылған болатын. Әрбір жүргізуші үшін өте ерекше күн болып табылатын мерекемен, автокөлік шаруашылығының басшысы Сергей Иванов жарысқа қатысушылардың барлығын құттықтады.  Байқауға барлығы тоғыз адам қатысты: Дәулетқан Байкунаков, Игорь Слыш, Антон Звягинцев, Александр Ходанович, Владимир Мельников, Александр Филин, Сергей Васильев, Виталий Коротков және Антон Какаулин.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі – теориялық, екіншісі – тәжірибелік. Бірінші бес қатысушы қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқаулықтары мен нормалары бойынша өз білімдерін көрсетіп жатса,  қалған қатысушылар жол жүру ережелері бойынша тестілеуден өтті. Жарыстың бірінші бөлімінің қорытындысы бойынша ең жоғарғы балды Дәулетқан Байкунаков және Владимир Мельников алып, осы жарыстың көшбасшылары болып табылды.

 Жарыстың екінші кезеңі әскери-техникалық мектептің автодромында өтті. Қатысушыларды жолмен таныстырып, жарыс басталды!

Жолда жүргізушілерге қандай ғана кедергілер кездеспеді. Жол біресе «Жыландай» иірілген, біресе сегіз секілді жылдам бұрылыстарға толы болды. Міне автокөлік көпірдің үстінде зымырап барады, бір кезде туннельге кіріп кетті... Сонымен мәреге жетті!

Осы спорттық сайыстар мен бейресми тілдесу барысында уақыттың қалай өтіп кеткені байқалмады. Ең қызықты сәтте келді, яғни «Ең үздік жүргізуші» конкурсының жеңімпазы мен жүлдегерлерін жариялау.

Екі кезеңнің нәтижесі бойынша бірінші орынды Антон Звиягинцев, екінші орынды Дәулетқан Байкунаков, үшінші орынды Александр Филин иеленді. Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне естелік дипломдар берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушылар да ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Цехтық кәсіподақ комитеті атынан ерекше көзге түскен жүргізушілер бағалы сыйлықтармен марапатталды.    

Байқау-конкурстың жеңімпазы Антон Звягинцевтың айтуынша ол біраз қобалжыған болатын.

- Алдыңғы жылы мен екінші орынды иеленген болатынмын, осы жолы бірінші болғым келді. Сонымен, мен жеңімпаз атандым! – деп Антон өз қуанышын жасырмауда.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі