«Дәнекерлеу ісінің» шеберлері

Үлбі металлургиялық зауытының Энергетика орталығында дәстүрге айналып кеткен газ және дәнекерлеу ісі бойынша  жыл сайынғы кәсіби байқау – жарыс өтті. 

Энергетика орталығының ең үздік қызметкерлері он жылдан бері дәнекерлеу ісі бойынша кәсіптік шеберліктен бақтарын сынап келеді. Биылғы жылғы байқау Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жарыстық құмар мен бәсекелестік достық рух ауада шарқ ұрғандай. Байқауға бөлімшенің алты қызметкері қатысты.

Олар Ерлан Исабеков, Владимир Ларионов, Александр Сухоруков, Владимир Юшин, Қайрат Мухаметкалиев және Евгений Костюченко. Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші кезеңде теориялық тұрғыдан білімдерін көрсетке, екінші кезеңде тәжірбиелік білімдерін көрсетті. Қатысушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ дәнекерлеу ісін жүргізу технологиясы мен еңбек қорғау жөніндегі білімдерін көрсетіп жатқанда, екінші топ дәнеркелеу жұмыстарын жүргізіп жатты, кейіннен қатысушылар орындарын ауыстырды.

Конкурстық комиссия алты адамнан құралған. Оның ішінде ЭО бастығы Сергей Шмурыгин, қысылған ауамен қаматамасыз ету және жылу және сумен жабдықтау жөніндегі бастықтың орынбасары Дмитрий Агарков, жылу және сумен жабдықтау учаскесінің бастығы Максим Буравлев және еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Елена Каратаева кірді. Сынау орталығының мамандары сарапшылар ретінде жюри құрамына кірген, олар: техникалық диагностика және бықалау зертханасының дәнеркерлеу жөніндегі Сергей Патраков және техникалық диагностика және бықалау зертханасының бастығы Артем Лоцман.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынға Қайрат Мұхаметқалиев ие болды, оған бірінші дәрежедегі диплом берілді. Екінші дәрежедегі диплом иегері ретінде Евгений Костюченко танылды. Жеңімпаз үштігін жапқан Владимир Юшин, оған үшінші дәрежедегі диплом берілді. Бөлімшелердің кәсіподақ комитетімен арнайв сыйлық бөлінген болатын, оған Александр Сухоруков ие болды.

- Барлық қатысушылар өз кәсіби біліктерін арттырды. Теориялық тұрғыдан білімдерді көрсету кезіндегі тапсырмалар қиындық туғызғанмен, тәжірбиелік кезеңде әрбір қатысушы өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Мен барлық дәнекерлеу ісінің сапасына кепілдік бере аламын, - деді Сергей Патраков. 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі