АУЫСУ КЕЗЕҢІ

 

«Изумрудный» шипажайында бейресми жағдайда «ҮМЗ» АҚ Жастар бірлестігінің (ЖБ) жыл сайынғы есеп беру – сайлау конференциясы өтті.

 

Форум ұжымды біріктіруге бағыталған бірнеше тренингтен басталды.

- маған «құыршақ және марионетка» тренингі өте ұнады. Құыршақ пен марионетка рөлінде болып, кейіннен басқа қатысушалардың көңіл – күйлерін сезіну өте қызықты екен, - деді ғылыми орталықтың инженер-физик-химик Зарина Куанышева.

Жастар бірлестігінің төрағасы Михаил Байтеряков атқарылған жұмыс қорытындысымен таныстырды. Ол 2017 жылы омдықтар зауыттың қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқанын айтты. ЖБ мүшелері «Әлия» бала-бақшасы мен Өскемен қаласының мамандырылған балалар үйінде және Жоғары Таинты көлінде сенбіліктерді өткізді.

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында, омдықтар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зауыттың бұрынғы жұмысшаларының үйлеріне барып қайтты. Олар Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алу құрметіне арналған «Өшпес даңқ» және «Шырақ жағу» іс-шаларға қатысты. «Шаттық сыйла» қайырымдылық акция шеңберінде жиналған ақшалай қаражатқа ЖБ мүшелері Өскемен қаласының арнайы мамандырылған балалар үйі үшін құм салғыштар мен перделерді сатып берді.

ОМдық-спортшылар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК спартакиадасына қатысты.  Форум соңында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіді.

Дәстүр бойынша орындалатын шаралармен қоса, кәсіби бағдар беруге бағытталған Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студентерімен кездесу өткізуге арналған «ҮМЗ күні» кірді. Екі спорттық іс-шара, олар велопробег пен «Нұртау» шаңғы курортында өтетін «Кубок бобра -2018» эстафета ойындары.

Конференция барысында ЖБ жаңа құрамы бекітілді. ЖБ Төрағасы ретінде Михаил Байтеряков сайланды. Ал қалыптасқан дәстүрге сәйкес жаңадан қабылданған Жастар бірлестігінің мүшелеріне куәліктер табысталды. 

 

  

Баспасөз қызметі