Үздіктің үздіктері

  

2017 жылдың соңында Үлбі металлургиялық зауытында H&LR – мамандарының жыл сайынғы байқау қорытындылары шығарылды.

Байқау қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі мамандардың, еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженерлердің, еңбекті жоспарлау жөніндегі инженер – экономистердің арасында өткізілді. Бөлімшедегі әрбір қызметкердің жұмысы «ҮМЗ» АҚ өндірістік - өнеркәсіптік кешеннің бөлімшедегі H&LR – мамандарының байқауы туралы ережелемен» белгіленген қағида бойынша бағаланды. Энергетика орталығының қызметкерлер жөніндегі маманы Надежда Клюева, қзметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі мамандар арасынан (HR – Human Resources)  үздік болып танылған. Сервис орталығының қызметкерлер жөніндегі маман Нина Емельянова мен Сынау орталығының қызметкерлер жөніндегі маманы Наталья Радионова осы номинация бойынша жүлдегерлер болып танылды. Бериллий өндірісінің ЕҰжНИ жөніндегі инженер Ольга Мелехова, еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженерлердің, еңбекті жоспарлау жөніндегі инженер – экономистердің (LR – Labor Resources) арасынан үздік болып танылды. Уран өндірісінің ЕҰжНИ жөніндегі инженер Максим Устьянцев пен Сынау орталығының ЕҰжНИ жөніндегі инженері Евгений Глухих осы номинацияның жүлдегерлері болып танылды.

- Осы номинацияда жеңіп шығу, мен үшін үлкен мәртебе, - деді Надежда Клюева. Өз тарапынан ол басшылыққа алғысын білдірді, - Жұмыс барысында маған көмек көрсетіп, өз кеңестерін беріп жүрген басшылыққа үлкен алғыс білдіремін. 

Сынау орталығының бастығы Алексей Михайленко «H&LR саласындағы ең үздік жетекші» номинацияның жеңімпазы болып танылды. Оған «Команда» ауыспалы сыйлығы табысталды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табысталып, алғыс жарияланды. 

 

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі