Жұмыс кесте бойынша жасалды

 

«ҮМЗ» АҚ ең үздік электромонтері» атауы бойынша Үлбі метллургиялық зауытының он қызметкері сайысқа түсті.

 

Өскемен қаласының колледж базасында кәсіби шеберліктен байқау-сайысты өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Биылғы жылғы сайыс Өскемен қаласының көп салалы технологиялық колледжінде өткізілді. Айтып кетерлік жайт, Үлбі металлургиялық зауыты «Аппаратчик-гидрометаллург» мамандығы бойынша жұмысшыларды дайындау бөлігінде осы оқу орнымен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

Сайысқа қатысқандар: Павел Нетесов пен Константин Антонов (тантал өндірісінен), Денис Свадьбин мен Юрий Соколов (Бериллий өндірісінен), Максим Яценко (Уран өндірісінен), Алексей Клишевич (Сервис орталығынан), Сергей Головин мен Андрей Овчинников (Энергетика орталығынан), Роман Летц (Қойма шаруашылығынан), Алексей Карпов (Автокөлік шаруашылығынан). Қатысушылардың кәсіптік шеберліктерін бас энергетик Евгений Ефимов төрағалық еткен жюри ағалаған.

Байқау – сайыс екі кезеңнен тұрды – тестілеу және тәжірбиелік тапсырмалардан. Тест электротехникалық және техника қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтар кірген, 12 тақырыптан құралған. Әрбір дұрыс жауапқа 0,5 ұпай берілді. Қатысушыларға теориялық тапсырма бойынша 15 ұпай жинау мүмкіндігі болды. Тәжірбиелік тапсырмада асинхрондалған қозғатқылштың электрлік басқару жүйесін 150 минут ішінде жинау қажет болды. Қатысушылар қанша тырысқанмен, қозғалтқышты бірінші реттен Максим Яценко мен Денис Свадьбин қосты. Қалғандары жүйені дұрыс жинай алған жоқ. Сайыс шарты бойынша Ақау мен кемшіліктерді жою үшін қосымша он минут берілген. Бұл жолы Роман Летц қосымша ұпайға ие болды. Сайыс барысында қатысушылардың жұмыс орнындағы тазалығы мен техникалық қауіпсіздіктің сақталуы ескерілді.

Денис Свадьбин «ҮМЗ» АҚ Ең үзік электромонтері» атағына ие болды. Екінші орынға Максим Яценко ие болды. Үздік үштікті Роман Летц толықтырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен ақшалай сыйақымен марапатталды: бірінші орынға – 70 мың теңге, екінші орынға – 50 мың теңге, ал үшінші орынға 30 мың теңге. Қалған қатысушылар сегіз мың теңге көлеміндегі материалдық сыйақыға ие болды. Сонымен қатар зауыт қызметкерлерімен қоса, колледж студенттері де сайысқа қатысты. Сайыс соңында студенттерге алғыс хат табысталды.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі