ЖАСТЫҚ ШАҚ МЕЙРАМЫ

 Үлбі металлургиялық зауытында үлбіліктердің аға ұрпағын Халықаралық қарттар күнімен құтықтады.

Кәсіпорында әрекет ететін ардагерлер ұйымының бүгінгі күнге үш мыңнан артық адамы бар деп есептеледі. Бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары да, тыл еңбеккерлері де, зейнетке шыққан зауыт қызметкерлері де. Олар туралы зауытымызда ешқашан ұмытпайды, сый-құрметке бөлейді, денсаулығын аялайды, материалды көмек көрсетеді, шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындарына берілетін жолдамаларды бөледі, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады. 

Осындай іс-шаралардың біреуі дәстүрлі Халықаралық қарттар күні алдында өтеді. «ULBA» ОМҮ-дегі мерекелік концерт бұрынғы достарымен, әріптестерімен кездесуге, жастық шағының атмосферасын сезінуге осында келетін бұрынғы зауыт қызметкерлерінің басын қосады.

- Зауыт әкімшілігі бізге арнап ұйымдастыратын концерттерге қуана барамын. Сценарий ұнайды, концерттік нөмірлері,  соның ішінде Олег Вуккерттің және би ұжымдарының өнер көрсетуі ерекше ұнайды – деп, зауытымыздың ардагері Лидия Бокова өзінің  пікірімен бөлісті.

Осы күні ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Вуккерт, әйгілі әнші Игорь Мещеряков, «Визит» вокалдық тобы өзідерінің музыкалық құтықтауларын ардагерлерге сыйға тартты. «Злато» орыс әндері ансаблінің және «Flash» шоу-тобының әсерлі өнер көрсетулері талай рет ду қол шапалақтаумен өтті.

Жыл сайын Халықаралық қарттар күніне орай «ҮМЗ» АҚ әкімшілігі зауыт зейнеткерлерінің белгілі тобына материалдық көмек көрсетуге және мерекелік концертті өткізуге қаржы бөледі. Және быйылғы жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, концлагерь тұтқындарына, тыл еңбеккерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге төрт миллион теңгеден артық сома бөлінген.

 Наталья ПАШАГИНА, 05.10.2017 г.