БАСПАСӨЗ – БАЯНЫ

ҮМЗ металлургтері кәсіби мерекені атап өтуде. 

Өскемен қаласы                                                                                   14 шілде  2017ж.    

 «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ұжымы 16 шілде күні Металлургтер күнін атап өтеді. Металлургия Қазақстан өнеркәсібінің негізгі саласы болып табылады. Үлбі металлургиялық зауыты серпінді дамып келе жатқан, экономикалық тәуелсіз елді құрайтын кәсіпорындардың арасына кірген.

Бұл жөніндегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев өз құттықтауында атап өткен:

- Бүгінгі күні «ҮМЗ» акционерлік қоғамы Қазақстанның металлургия саласының стратегиялық нысандарының бірі болып табылады, ал бірегей тәжірибе мен жоғары кәсіби біліктілікті қажет ететін зауыттықтардың көпжылдық, адал еңбектері компанияның құрметіне ие.

Қарқынды дами отырып, бәсекелестік қабілеті бар өндірістік құруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі – Қытай компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан, жылу бөлгіш құрамаларды шығару бойынша зауыты салу жобасы (ЖБҚ). Оның іске қосылуы өзіндік құны жоғары уран өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Үлбі металлургиялық зауытының өнімі әлемнің ең танымал компанияларымен сұраныста. Соған қарамастан кәсіпорын өнімнің жеткізілу жағрапиясын кеңейтуде.

Бүгінгі күні зауыт Қытай нарығы үшін отын таблеткаларын шығару жөніндегі стратегиялық маңызды келісімшартты жүзеге асыруда. Осы жылдың мамырында келісімшарттық өнімнің бірінші топтамасын Қытайда қабылдап алды. Тапсырыс беруші ҮМЗ отын таблеткаларының жоғары сапасын растады.

Үлбі металлургиялық зауыты Қазақстанда жалғыз ғана тантал және бериллийден жасалған бұйымдардың сарапшысы болып табылды. Нарықтағы орнын сақтау үшін зауыт әрдайым шығарылатын өнімнің сапасын арттыра отырып, өнімнің жаңа түрлерін меңгеруде. ҮМЗ жұмыс істейтін металдар адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануда. Сол себепті инновацияны дамыту және қолдау зауыт қызметінің негізгі бағыты болып табылды.

Кәсіпорында ғылымды қажет ететін бірнеше жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нақты айтқанда, магниттік резонанстық томогрофтарға арналған жоғары өткізгіш сымдарының үлгілерін жасауға; танталдан және тантал құрамдас қоспалардан имплантаттардың өндірісіне; аддитивті технологияларға арналған сирек ұшырасатын металл ұнтақтарын жасауға бағытталған жобалармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Осы мереке күні «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов кәсіпорынның дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқандары үшін, көпжылдық жемісті еңбегі мен жоғары кәсіби біліктері үшін зауыт қызметкерлеріне разашылығы мен алғысын білдірді.

Металлургтер күні қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша кәсіпорынның ең үздік жұмысшылары зауыт басшылығымен марапатталды. Зауытнның жиырма жұмысшының сүреті зауыттың Құрмет тақтайшасына орналастырылды, он адамға Құрмет грамоталары берілсе, 200 астам жұмысшыға алғыс жарияланды.

Металлуртер күні қарсаңында ҮМЗ қызметкерлері мен ардагерлері «ULBA» ОМҮ жиналады. Онда мерекелік концерт өтіп, жыл сайынғы дәстүр бойынша лотерия ойнатылатын болады. Бас жүлде – алыс шет елдерге туристік жолдама.

 

 

 

·             «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·             «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі